Бизнесті қолдауға байланысты Қоғамдық тыңдау өтеді

13 сәуір күні «Қазақстан» қонақүйінің «Алтын Емел» залында Алматы қаласы шең­­берінде бизнесті қолдауға негізделген мем­лекеттік бағдарламалардың барысын бақы­лауға бағытталған Қоғамдық тыңдау өтеді. 

Қоғамдық тыңдау «Алматы – 2020» Даму бағдарламасы аясында бизнесті қол­дауға бағытталған мемлекеттік бағдар­ламалар мен жоспарлардың жүзеге асуын талқылауға байланысты ұйымдастыры­лып отыр. «Қала – бизнес пен жеке капи­тал үшін» Алматы дамуының приоритетті бағыттарының бірі және соның аясында:

– 2015-2016 жж. Алматы қаласынан бюджетке түскен салықтардың анализі;

– Алматы қаласында екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсетуі туралы ақпарат;

– Алматы қаласында бизнес жүргізуге жемқорлықтың әсерін сырттай бақылауға қатысты анализ;

Сонымен қатар, осы салаға байла­нысты өзге де қосымша ақпараттар тара­тылып, жан-жақты талқыланады.

Өтетін уақыты: 2017 жылдың 13 сәуірі, сағат 10:00.

Мекен-жайы: Достық даңғылы, 52, «Қазақстан» қонақүйінің «Алтын Емел» залы.

Барлық сұрақтар бойынша мына теле­фонға хабарласуға болады:

+7(727)267-01-27, e-maіl: almatykenes @gmaіl.com.