CПАРТАКИАДАНЫҢ 13 МЕДАЛІН «НҰР-МҮБӘРАК» СТУДЕНТТЕРІ ЖЕҢІП АЛДЫ

%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80

Иманды да ибалы, білімді де білікті, сұлу да сымбатты деп, бәлкім, “Нұр-Мүбәрак” университетінің студенттеріне қатысты  айтса орынды. Себебі, Алматы қаласында ұйымдастырылған жоғары оқу орындары арасындағы  спартакиадада университет студенттері алтын, күміс, қола, яғни, барлығы 13 алқа тақты. Яғни, қол күресі (армрес­т­линг), пауэрлифтинг (гір көтеру) және арқан тарту бойынша 3 бағытта ерлер мен қыздар арасында тартысты сайыста Бағи Бақыт қызымыз қарсыластарына дес бермей, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, құрамында Бағимен бірге Әйгерім Ахметбекова, Қызғалдақ Жәнібекова, Гаухар Жөнеуова, Айша Әппай бар қыздар тобы арқан тартыстан екінші дәрежелі диплом алып, әрқайсысы күмістен алқа тақты.

Жігіттер жағы да осал емес. Пауэрлифтингтен, яғни, гір көтеру бойынша Рах­матулла Әбілхайыр, Абду­ғаппар Махсутовтар екінші дәрежелі диплом мен күмістен алқа тағып, Заманбек Рахатов үшінші дәрежелі диплом мен қола медальды місе тұтты. Сондай-ақ, осы үш студентпен бірге топ құрамында Мұхам­медияр Бөлтірік, Бағдат Жұ­мабектерден тұратын команда арқан тартудан алдыңғы екі орынды да иеленген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы сарбаздарының ізін ала үшінші дәрежелі диплом мен қола медальды иеленді.

Осылайша Алматы қала­сындағы бүкіл жоғары оқу орын­дарынан жиналған 200-дей сайдың тасындай салауатты студенттер арасынан “Нұр-Мүбәрак” университетінің на­мысын қорғаушылар 13 меда­льды қоржынға салды. Сту­денттерді спортқа баулып, дұрыс бағыттап келе жатқан сайыпқыран ұстаздар, спорт шеберлері Айдар  Иманбаев мырза мен Алтынай Балтина ханымның да үлесі зор.

Жалпы, Алматы қаласында жұртшылықты бұқаралық спортқа тәрбиелеп, салауат­тылықты насихаттайтын «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы студенттер ара­сында түрлі сайыстар өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл сайысқа үнемі үлес қосып келе жатқан “Нұр-Мүбәрак” уни­верситеті әрдайым жүл­делерге ие болып, жеңіс туын жел­біретіп келеді.

“Нұр-Мүбәрак” университетінің

 баспасөз қызметі.