ҚҰЖАТЫҢЫЗДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ЕНДІ SMS АРҚЫЛЫ БІЛЕТІН БОЛАСЫЗ

  • дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының
  • төрағасы Абылай Оспанов.
  • Төрағаның айтуынша, енді азаматтар ХҚКО өткізілген құжаттарының дайындығы жөніндегі  ақпаратты   ұялы телефондары арқылы жіберілетін   SMS  хабарламасы арқылы білетін  болады. Орта­лық қызметкерлері құжат қабылдағанда қолыңызға арнайы талон беріп,  үш немесе жеті жұмыс күнінде кел дегенімен, кей жағдайда құжаттар уақтысында дайын болмай  қалуы мүмкін.  Осы жайсыздық­тардың алдын алу үшін және тұрғындарды әуре-сарсаңға салмас үшін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы тұрғындар үшін осы тиімді тәсілді жөн көріп отыр. Сонымен қатар,  корпорация ұсы­нып отырған «Работа   www enbek kz» веб порталы­ның да азаматтарға,  әсіресе, жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азаматтар мен оқу орындарын жаңадан бітірген жас мамандар үшін пайдалы болмақ.  Бұл портал арқылы  азаматтар  бос жұмыс орындары жөнінде ақпарат алумен қатар, өзі жайлы ақпаратты да орналастырып, түйіндемесін қалдыра алады. Өз кәсібіңіз бен мамандығыңызға сай келетін жұмыс табу мүмкіндігіне ие болумен бірге кәсіби білік­тілікті арттыру мен  кәсіптік білім алу жөнінде өтініш­терін осы портал арқылы бос жұмыс орын­дарын ұсынып отырған  кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға жолдай алады. Бұл қадам Елбасының биылғы жылы халыққа жолдаған  «Қазақстанның үшінші дамуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы үшінші кешенді міндет – еңбек нарығын арттыру  мен   сандық индустрияны дамы­ту бағытындағы  игілікті қадам болып саналады, – дейді  Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы  Салтанат Тілеуғалиқызы.