«Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» байқауы

2017 жылдың наурыз-шілде айлары аралығында Алматы қаласында  республикалық көрме шеңберінде «Қазақстанда іске асырылып  жатқан үздік әлеуметтік жобалар» байқауы өтеді. Қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар Әлеуметтік жобалардың авторлары бола алады.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру.

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Қазақстанда іске асырылып  жатқан үздік әлеуметтік жобалар» байқауына қатысуға  қоғамдық бірлестіктерді, мүгедектер ұйымдарын шақырады.

Байқау  жеңімпаздары республикалық  байқауға қатысып, диплом және сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға  қатысу үшін өтінімдер  2017 жылдың 1 наурызынан бастап  30 шілдесіне дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады:  Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 122-үй, №204, 209-бөлмелер,  байланыс телефондары: 261-68-40, 272-78-92, факс 261-87-17, электронды пошта: zan_inv@mail.ru

Жұмыс уақыты: дс-жм: 9-00-ден 18-00-ге дейін, үзіліс – 13-00-ден 14-00-ге дейін, сб-жн – демалыс.