ҚАЛТАСЫНДА ҚОҢЫЗ ЖҮРЕТІН МИЛЛИАРДЕР

%d1%80%d0%be%d0%ba%d1%84%d0%b5%d0%bb%d0%bb%d0%b5%d1%80

«Форбстың» тізімінде 581-орында тұратын атақты миллиардер Д.Рокфеллердің өмірден озғанынан төрткүл дүние хабардар. Жұрт оны әлемнің құпия үкіметінің басшысы деп те есептеді.

Ол 101-ге қараған шағында дүниеден өтті. Артында 3,3 млрд. доллар қалды. Атасы Джонның байлығын мұрагерлікке алып қалған ол «Форбстың» тізімінің ең ежелгі мүшесі еді. Дэвид бизнес әлемінде аса ерекшелі­гімен есте қалған емес. Ірі банкті басқарды, 66 жасында зейнетке шықты. Бұдан кейін оның өмірінде қызық кезең басталды. 90-жылдардың басында ол күтпеген жерден құ­пия үкімет­тің басшысы атағына ие болды. Алайда, Рок­феллердің өзі ешқандай үкіметке қатысы жоқ екенін айтқан. Есесіне, әлем басшыларының барлығына жуы­ғымен жақсы қарым-қатынаста болды. Оның банкісі КСРО-да жұмыс істей бастаған бірінші шетелдік банк болды.

Рокфеллердің ұзақ жасауының сыры да белгілі. Ол алты рет жүрегін ауыстырған адам.

– Мен жақын, жеке достық пен жақсы іскерлік қарым-қатынасқа сенген емеспін. Табысты іскерлік қаты­настардың негізі – сенім, түсіністік. Мен ата-анам­нан қалған байлықты ұстамдылық пен сақтықтың арқасында ұстап қалдым. Бала күнімде, жаратылыстану пәнін оқып жүргенде мен қоңыздарды жақсы көрдім. Қайда барсам да, мәселен, банкке баратын кезде қалтамда қоңыз жүретін. Қоңыздан коллекция жасадым, – дейді ол бір сұхбатында.

Д.Рокфеллер жәндіктердің 40 мың түрін жинаған. Ол ақшаны бөліскен дұрыс деп есептейді. Сасық бай болмады. Тіпті, өзінің туған анасындай Гарвардқа 100 мил­лион доллар жұмсады. Сондай-ақ, ол белгілі миллиар­дерлер У.Баффет пен Б.Гейтс ұйытқы болған «Сый­лық анты» компаниясының ұсынысын да қолдады. Бұл топтың мүшелері байлығының 50 пайызын қайырымдылық шараларына жұмсамақ.

 

Қ.ИМАН.