ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛАДЫ

dsc_2368

Көктемгі күн мен түннің теңелген уақытын тойлау дәстүрі түркітілдес Шығыс халықтары арасында ертеден – Ислам діні қабылданғанға дейінгі кезеңнен бастау алады. Шуақты көктем мерекесі Наурыз мейрамы – түркі халықтарының көпшілігі үшін тіршіліктің бастауы, табиғаттың жаңаруы, мейірімнің, махаббаттың, молшылықтың және бауырмалдықтың нышаны. «Наурыз мейрамы»  Қазақстанда 2001 жылдан бері мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі.

22 наурызда Астана алаңында және Атлетикалық ауылда Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдас­тыр­уы­мен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланады. Астана алаңы­на киіз үйлер, әр түрлі қостар, шатыр­лар тігіліп, Наурыз тақы­рыбына орай жасалған инсталля­циялар орнаты­лады. Мерекеде «Мүшел» атты театрландырылған көрініс қойылып, қазақтың көнеден келе жатқан  салт-дәстүрлік  «Сама­лық», «Түлік жыры» сияқ­ты ән-жыр­лар орындалады. «Самалық», «Түлік жыры» – наурыз күні қазақтың көнеден келе жатқан жыр айту дәстүрі.

Мерекелік қойылым өтетін алаң біртұтас сахналық кеңістікте безен­діріледі. Барлық мерекелік іс-шара­лар, ән-би, театрландырылған қойылым ҚБТУ ғи­маратының алды­на жиналған жұртшылық бірдей көретін сахнада өтеді.

Ал Атлетикалық ауылдағы мере­келік қойылым өтетін алаң тұтастай жаңа қонысқа қонған қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген 2 киіз үй қойылады.

Мереке өтетін алаңға «шамдал», «қос», «көне сауда арбалары», «таң­балы тастар», «тарих тегершігі» атты инсталляциялар және ұлттық ны­шандағы әртүрлі мүсіндер қойы­лады.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мере­кесінде Рамазан Стамғазиев, Нұр­жан Жанпейісов, Тілеулес Құр­манғалиев, Еркін Шүкіман, Айгүл Қосанова сынды қазақтың айтулы әншілері, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольк­лорлық-этногра­фиялық оркест­рі, «Қоңыр», «МузАрт», «Алашұлы»  топтары, Айқын, Әли Оқапов, Мөлдір Әуел­бекова, Маржан Арап­баева тәрізді қазақ эстрадасының жарқын жұл­дыздары өнер көрсет­еді.

 

%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d0%b8%d0%bb%d0%b8%d0%ba-%d0%b5%d0%bb-%d0%b6%d1%8b%d1%80-%d1%84%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b8%d0%b2%d0%b0%d0%bb%d0%b8

«Мәңгілік ел» жыр фестивалі

20 – 23 наурызда, сағат 15:00-де «Ала­тау» дәстүрлі өнер теат­рында Ұлыс­тың Ұлы күні – Нау­рыз ме­ре­кесіне арналған «Мәң­гілік ел» жыр фестивалі өтеді.

20 наурызда «Дін-мұсылман аманда» атты жыр-терме кешінде діни-рухани жыр-термелер, 21 наурызда «Тұлпар мініп, ту алған!» атты жыр-терме кешінде ұлт-азаттық сарындағы жыр-толғаулар, 22 наурызда «Атымды Адам қойған соң…» атты жыр-терме кешінде адамгершілікті, ізгілікті жырлаған жыр-терме, толғау-дастандар тыңдарманға тарту етілмек. Мерекелік шара аясындағы жыр-терме кештеріне Алмас Алматов, Берік Жүсіп, Ұлжан Байбосынова, Жәкен Омаров, Ерболат Шалдыбек, Күнсұлу Түрікпенова, Фархат Оразов және еліміздің әр өңі­рінен жыршы-термешілер қаты­сады.

Билеттер «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кассасында сатылады.

Байланыс телефондары: 398- 85-16;  398-62-44.

 

%d0%bcusiq-summit

«MUSІQ SUMMІT» – Қазақстандағы тұңғыш спорттық-музыкалық фестиваль

21 наурызда «Алматы Арена» мұз сарайында «MUSІQ SUMMІT» – Қазақ­стандағы тұңғыш спорттық-музыкалық фестивалі өтеді.

Мерекелік шара Қазақ­стандағы жас ұрпақты белсенді өмір сүруге дағдылан­дыру, сонымен қатар, осы за­манның сан алуан музыкалық бағыттар әуесқойларын бір ортаға жинау мақсатын көздейді. Кө­рерменге қуаныш сыйлайтын фестивальде әлемге әйгілі диджейлер мен хип-хоп музыкасының ең үздік орын­даушылары өнер көрсетеді. Фестиваль ая­сында, сондай-ақ, батылдықты талап ететін жарыстар мен бишілер байқауы өткізіледі. Әсем әуенмен әрленген мерекелік думанда «Headhunterz», «L’one», Александр Попов, «Lucky Charmes», «Скруджи» тәрізді әр­тістер өнер көрсетіп, көрремендерге кө­те­ріңкі көңіл күй сыйлайды. Күндізгі спорттық бағдарлама сағат 12.00-де баста­лады (еркін кіруге болады). Кешкі спорт­тық бағдарлама сағат 17.00-де  басталады (билетпен кіргізіледі).

 

%d0%ba%d1%8b%d0%b7%d1%8b%d0%ba%d0%ba%d0%b0-%d1%82%d0%be%d0%bb%d1%8b-%d0%bc%d1%83%d0%b7%d0%b5%d0%b9-%d0%bd%d0%b0%d1%83%d1%80%d1%8b%d0%b7%d1%8b

Қызыққа толы музей Наурызы

21 – 26 наурыз аралы­ғында Ә.Қастеев атын­дағы ҚР Мем­ле­кеттік өнер мұра­жайын­да сан ғасыр­лардан бері халқы­мыздың сүйікті мерекесі – Наурыз мей­рамына арналған «Музей Нау­ры­зы» атты ме­рекелік шара өтеді. Әртүрлі жастағы кө­рермендерге мә­дени-ойын-сауықтық және көр­кемдік-таным­дық бағдар­ламалар ұсы­ны­латын бұл дәстүрлі шара қалалықтарды мұражай­ға баулу, ұлт­тық дәстүр­лерді наси­хаттау мақса­тын көз­дейді. Мерекелік апта бойы мұражайға ұлттық киім киіп келген көрермендерге тұрақты экспозицияларға кіру  тегін болады. 

21 – 26 наурызда мұ­ражайда өтетін Нау­рызға арналған мереке­лік шаралардың бағдарламасы:

21 наурызда «Музей Наурызы» мерекелік апталығының ашылуы болады.

11.00 – 19.00 – мұражай фойесінде қолөнер жәрмеңкесі өтеді.

11.00 – 19.00 – мұражайдың мәжіліс залында «Сәлем, Наурыз!» атты интерактивтік 3D көрмесі ұйымдастырылады.

11.30-да және 15.00-де – «Наурыз сәні» атты тақырыптық көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия (22 – 26 наурыз) болады.

12.00 – 17.00 – мұражайдың барлық қонақтары ұжымдық киіз басуға қатыса алады. Халық шеберлерінің жетекшілігімен мұра­жайға келушілердің жасаған ұлттық текеметі музей экспози­циясының сәніне айналатын болады.

14.00 – 18.00 – қыш бұйымдарға өрнек салудан шығармашылық шеберлік сабақтары мен мерекелік печеньені өрнектеуден аспаздық шеберлік сабағы өткізіледі. Сондай-ақ, қыш құю шеберханасы жұмыс істейді.

16.00 – көрермен назарына музыкалық және би нөмірлері бар концерттік бағдарлама ұсынылады. «Наурыз сәні» авторлық ұлттық және стильдендірілген киімдер көрмесінің ашылуы мен  модельдер дефилесі өтеді.

11.00 – 19.00 – мұражай ауласында ұлттық тағамдармен кей­теринг ұйымдастырылады, қонақтар киіз үйде немесе басқа да тағамдық орындарда жайғасуына болады.

11.00 – 19.00 – «Қазақ даласының тарихы» атты тақырыптық квест өткізіледі.  Оған кез-келген қонақ қатыса алады. Квест – та­нымдық тапсырмаларды орындауға талпынған қатысушы жо­спарланған сюжеттен өтетін ойынның сәнге айналған жаңа түрі. «Қазақ даласының тарихы» квесінде қатысушылар Қазақстан суретшілерінің кескіндемелік туындылары негізінде қазақ халқының тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тақырыбындағы  тапсыр­маларды орындайды.

 

%d0%bd%d0%b0%d1%83%d1%80%d1%8b%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%ba%d1%8b%d1%88%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b

«Наурыз нақыштары» көрмесі

Қазақ және парсы халық­тарының арасындағы терең та­мырлы қарым-қатынас бүгінде дәйекті жалғасуда. ҚР Мемле­кет­тік Орталық мұражайында қазір өтіп жатқан Наурыз мей­рамына арналған «Наурыз нақыш­­тары» атты көрме сөзімізге нақты дәлел бола алады. Баянды достық, мә­дени дәстүрлер ор­тақтасты­ғының символы болып табылатын ізгі шара Иран Ислам Республи­ка­сының Алматы қала­сындағы Бас Консулдығы жа­нындағы мәдени өкілдігімен бірлесе ұйым­дас­тырылған. Көрме Иранның дәс­түрлі мәдениетімен және өнері­мен толығырақ та­нысуға мүм­кіндік береді. Мы­салы, бүгін­де сирек кездесетін көне бұйым­дар, әртүрлі тәсілде жасалған ми­ниатюра,  шағын мүсін, живо­пи­сь, бедерлі металл, бояма  қыш (құты, құмыра, табақ, қобдиша, тұғыр) сынды қолөнер туынды­лары бұрынғы қолөнер шебер­лерінің,  суретшілер мен калли­графистердің биік талғамы мен шеберлік деңгейін аңғартады.

«Дәстүрдің жарқын жалғасы» атты көрмеде көрермендер Е.Дау­баев, И.Жалмұқанова, И.Бря­кина, Е.Христова, А.Абдулдаева, А.Мұқажанова, М.Әлімбаева, В.Шершнева сынды зергерлердің әшекей бұйымдары мен «Қазақ­көркемөнер»  кәсіпорны шығар­ған көркемдік өнімдерін тамаша­лай алады.

Қазақ мәдениеті, тамыры терең бейнелеу өнері қолданбалы-қолөнер туындыларының құнды да қайталанбас үлгілерімен ерекшеленеді. Фестиваль аясында көрермендер Н.Бубэ, Ф.Тарази, Ж.Тәкен, Т.Волкова, Б.Бал­та­шева, Д.Өтелбаев, Е.Ша­рапова, М.Қорқыт, Р.Өмірзақ, Ж.Ке­рімбек А.Сәкежан, М.Алиев, М.Әбілжан, Н.Жеңіс­ұлы, З.Ния­зова, А.Мұстафаев, М.Нарбаева, А.Түзелбаева сынды қазіргі қазақ суретшілерінің шығарма­шылы­ғына бойлап, өзіндік стиль, сан-қырлы жанрда берілген ұлт тари­хымен, мәде­ниетімен және тұр­мысымен таныса алады.

 

Өз Бауырсағыңды жіберіп алма!

21 наурыз – 2 сәуір аралығында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында «Музей Наурызы» мерекелік шарасының аясындағы «Сәлем, Наурыз!» 3D интерактивтік көрмесі өтеді.

Ізгі шара «Идеялар ұстаханасы» (Украина) креатив студия­сымен бірге ұйымдастырылады. 3D туындылар Наурызды атап өтудегі қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен ұлттық ерекше­ліктеріне арналған. Ә.Қастеев мұражайындағы мерекелік апта қызыққа әрі қуанышқа толы болады. Ұлыстың ұлы күніне орай мұра­жай әртүрлі жастағы аудиторияға арналған қызықты мерекелік бағдарламалар әзірлейді. Көрікті көктемнің шуақты мейрамына арналған 3D көрмесі – мерекелік аптаның маңызды оқиғаларының бірі. «Сәлем, Наурыз!» интерактивтік 3D көрмесі – Қазақстанда бірінші рет өткізіліп тұрған ерекше оқиға.

 

Дайындаған – Балнұр АХМЕТ.

 

Наурыз мейрамын қала аудандарында өткізу кестесі

№     Аудан                                                          Күні, уақыты    Өтетін орны

 

  1. «Наурыз мейрамы — 2017»                       22.03.2017           «Астана» алаңы,

мерекелік концерттік шарасы                   11.00 – 21.00       Атлеттер ауылы

12.00 – 15.00

 

  1. «Мәңгілік ел» жыр фестивалі 20.03.2017           «Алатау» дәстүрлі

аясындағы «Дін-мұсылман аманда»          15.00                    өнер театры

діни-рухани жыр-терме кеші

 

  1. «Мәңгілік ел» жыр фестивалі 21.03.2017           «Алатау» дәстүрлі

аясындағы «Тұлпар мініп, ту алған»        15.00                    өнер театры

ұлт-азаттық сарындағы

жыр-толғаулар кеші

 

  1. «Мәңгілік ел» жыр фестивалі 22.03.2017           «Алатау» дәстүрлі

аясындағы                                                   15.00                    өнер театры

«Атымды Адам қойған соң…»

атты жыр-терме кеші

 

  1. Алатау ауданы 22.03.2017           Атлеттер ауылы

11.00 – 15.00

 

  1. Алмалы ауданы 22.03.2017           «Астана» алаңы

10.00 – 21.00

  1. Әуезов ауданы 21.03.2017           «Гранд парк» СОО

12.00

 

  1. Бостандық ауданы 22.03.2017           «Мега Алматы» СОО

11.00                    №189 мектеп аумағы

 

  1. Жетісу ауданы 22.03.2017           «Гүлдер» саябағы

10.00                    «Құлагер»ықшамауданы

 

  1. Медеу ауданы 22.03.2017           Республика сарайының

11.00                    алдындағы «Абай» алаңы

 

  1. Наурызбай ауданы 21.03.2017           Алматы халықаралық                                                            11.00       мектебі,

«Қалқаман» ықшамауданы,

Әшімов көшесі,  185

 

  1. Қазақ тіліндегі «Dіsney» наурыз                «Молл АПОРТ» СОО

фильмдерінің фестивалі                                                          (Райымбек даңғылы)

 

  1. Түрксіб ауданы 21.03.2017           С.Сейфуллин саябағы

11.00

 

  1. «Арма, әз Наурыз!» 20.03.2017           Республика сарайы

мерекелік концерті               19:00