БЫЛТЫР ХАЛЫҚҚА 6 808 257 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шаһарымыздың денсаулық сақтау саласы – көп деңгейлі жүйе

%d1%83%d0%b0%d0%bb%d0%b8

Уәлихан АХМЕТОВ,

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Заманға сай қоғам шартында қызметтік жағдайын пайдаланудан жеке  пайда табудың  түрлі нысаны бар. Бұл, әдетте, жасасқан мем­лекеттік сатып алу пайызынан («парақорлық» тәрізді), балалардың оқуына ақы төлеу түріндегі «ал­ғыстан», шет  елде туысының дем­­алысы мен емделуін ұйымдас­тырудан, пәтер алу мен ниеттестікке өтемақы ретінде өзге де материал­дық пайда көруге жәрдем­десуден, мәселені «жылдамдатып» қарау үшін ақшалай марапаттаудан, спирттік ішімдік, театрға билет, т.б. сыйлық алу үшін жазаны жеңіл­дету немесе істі жылжытуға делдал­дықтан бас­талады. Бұл өз кезегінде қоғамның әлеу­меттік тұрақтылығына, мемле­кет негізіне қауіп төндіріп, мемле­кеттік қызметші мен лауазымды тұлға  жұмысының тиімділігі мен сапасын төмендетуге әкеп соқ­тырады.

Еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше мән берген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, бүгінде  елімізде кезең-кезеңімен сыбайлас жемқор­лыққа қарсы саясат жүзеге асып келеді. Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен, мемлекеттің сыбайлас жемқор­лыққа қарсы саясатының негізгі бағытын одан әрмен анықтау мақсатында ҚР 2015-2025 жыл­дарға арналған сы­байлас жемқорлыққа қарсы стра­тегиясы бекітілді. Шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланысын қыс­қартып, сыбайлас жем­қорлыққа  тосқауыл қою үшін мемлекеттік қызмет пен жұмысты ақпараттан­дыру саласын дамыту барысында кешенді іс-шаралар қабылдануда.

Сыбайлас жемқорлықтық құ­қықбұзу­шылықтың алдын алу, ескерту және оларды ашу мәселесін сәтті шешу, жемқорлыққа қарсы ортаны қамтамасыз етумен байла­нысты тәрбие  жұмысын жүргізу, өзге де міндетті шешу барлық саланың барынша қатысуын қажет етеді. Алматы қаласының денсау­лық сақтау саласы – қала тұрғын­дарының денсау­лығын сақтайтын және медициналық көмек көр­сететін қарқынды даму үстіндегі көп дең­гейлі жүйе. Мұнда  қызмет  81 қалалық мем­лекеттік денсаулық сақтау ұйымы, 37 рес­пуб­ликалық және ведомство­лық денсау­лық сақтау ұйымы, 4 медициналық білім беру ұйымы, дамыған мемлекеттік емес меди­циналық сектор, 900-ден астам қызмет ететін жекеменшік медициналық орталық пен 700 дәріхана арқылы ұсынылады.

Денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ, ведомстволық бағы­нысты: 38 емханада, 26 ау­рухана, диспансер мен мамандандырылған орталықта, 4 перзентханада, 10 шағын стан­са­сы бар қалалық меди­циналық жедел жәр­дем станса­сында, 2 балалар үйінде, 5 ши­па­­­жайда, қалалық Қан орталығында, меди­ци­на­лық колледжде, патолого-анатомиялық бюро­да, арнайы медициналық жабдықтау базасы мен мамандандырылған  авто­кө­ліктік кәсіп­орын  жүйесінде мем­лекеттік сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы саясат жүзеге асы­рылу­да. Елі­міздің 2015 – 2025 жыл­дарға арналған сы­байлас жем­қорлыққа қарсы стра­тегиясын іске асыру бағдары мен Алматы қала­лық 2015 – 2017 жыл­­дарға арналған іс-шаралар жос­па­рына сай, бұл бағытта біраз жұмыс жүр­гізілу­де.

    

Құқықтық мәдениет деңгейі

Медициналық ұйымдарда қол­жетімді жерде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көле­мінің тізбесі, тегін және жеңіл­дікпен берілетін дәрілік препарат пен ауру­лардың тізбесі ілініп, келушілерге арналған ұсыныс-шағым кітабы орналастырылып, азаматтардың өтініш-хатына арнал­ған жәшік қойылған. Басқарма мен медициналық ұйымдарда сыбайлас жемқорлық заңнама талаптарын сақтау және  тәртіпті нығайту жө­ніндегі сабақ жүргізіледі. Атап айт­сақ, стационар мен емхана пациент­тері арасында қызмет көрсету сапа­сына қатысты анонимді сауалнама, «дөңгелек үстел» үрдісіндегі бас­қосу, сыбайлас жемқорлық құқық­бұзушы­лықтың алдын алу және ескерту мәселесі бойынша уәкілетті орган өкілдерімен бірлес­кен кеңес пен  ведомствоаралық кездесу өтеді.

Денсаулық сақтау басқармасы ҚР Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ал­маты қаласы бойынша департаменті  Мемле­кеттік қызмет және сыбайлас жем­қорлықтың алдын алу басқарма­сының сыбайлас жем­қорлыққа қарсы ағарту және қоғаммен байла­ныс бөлімімен  бірлесіп, басқарма ұйым­дарының ұжымымен тұрақты түрде  кездесу-кеңес өткізіледі. Бұл басқосу­ларда еліміздің «100 нақты қадам» Ұлт жос­парының, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқор­лыққа қарсы стратегия­сының негізгі ере­желері мен басым­дықтары түсіндіріледі. Был­тыр және жыл басынан бері медици­налық ұйымдардың ұжымы 40-тан астам кездесу өткізіп,  бірлескен жұмыс нәтижесі мемлекет­тік орган  сай­тындағы  «сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы күрес» бөлігінде орналас­ты­рылды.

Өткен жылы денсаулық сақтау жүйесі басшыларына арналып «Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті тиімді басқару, мемлекеттің әлеу­меттік-мәде­ни функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» тақыры­бында қалалық конференция өт­кізілді.  Оны ұйымдастырушы – ҚР Мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Басқосуда Денсаулық сақтау басқармасы бас­шысының орынбасары Б.Әбдір­асылова баяндама жасады.

«Міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыруды енгізу» (МӘМС) өңірлік жол картасын іске асыру қамтамасыз етілді. Ден­саулық сақтау басқармасында өңірлік ұтқыр (мобильдік) топ  құрылды. Енді, кес­­теге сәйкес, МӘМС енгізу мәсе­ле­сін түсіндіру жо­лында жұртшы­лықпен кездесу­лер ұйым­дасты­рылады.  Оның үй­лестірушісі де анық­тал­ды. Бірыңғай қалалық Call–center ма­мандары МӘМС енгізу шар­тында меди­циналық ұйым­дардың қызметімен байла­нысты мәселені шешу үшін арнайы даяр­ланған. Call–center мүмкіндігі туралы  аудиоролик жасалған.

Былтырғы 13 қазаннан  30 қарашаға дейін  61 кездесу өткізіліп, 5 068 адам оқытылды. Алматы қаласы әкімінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №80 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша штаб құру туралы» өкіміне сәйкес өткізілетін іс-шара­ларды ақпарат­тық қолдау үшін қалалық штаб құрылды.

 

Айқындылық қағидаты

Айқындылық қағидаты – сыбай­лас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл­дағы негізгі фактор. Мем­лекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне  орай жүргізіл­ген мониторинг тұрақты әрі жүйелі. Әлеу­меттік саланың база­лық тарауында электрон­дық түрде тиісті қызметті көрсету сыбайлас жем­қорлық әрекетін төмендетуге ықпа­лын тигіз­еді. ҚР «Мемлекеттік са­тып алу туралы» Заңы­на сай, тауар­ды, жұмыс пен қызметті сатып алу бойынша конкурс өткізу кезінде ай­қын­дылықты қамтамасыз ету қарас­ты­рылған.

Бүгінде барлық медициналық ұйым мем­лекеттік сатып алуды Электрондық порталда орналастыру арқылы жүзеге асырады. Құ­рылған камералық бақылау ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы мен ҚР ҚМ 2015 жыл­ғы 11 желтоқсандағы  №648 «Мемле­кет­тік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» заңнама тала­бына  өтінім берілген тауардың, қызмет пен жұмыстың сәйкес келуін барлап, мониторинг жүргізеді.  Сәйкес келмеген ретте оны өзгерту не жою жөнінде ұсыныс енгізеді.

Қала емханаларында 15-тен астам түрлі бағдарламалық және электрондық шешім  енгізілген. Бұл жағдай тікелей адами фак­торды болдырмайтын қызметшілер (пер­сонал)  жұмысын жеңілдету мен пациент үшін барынша қолайлы­лықты қамтуға мүмкіндік береді. Енгізудің басты мақсаты – па­циентке  медициналық көмектің сапасы мен қолже­тімділігін арт­тыру, олардың меди­циналық көмекке қанағаттануын арттыру, сондай-ақ,  емханадағы қызмет­шілер жұмы­сын оңтай­ландыру. Соның бастысы – меди­цина қыз­меткерлері тарапынан жа­салатын сыбайлас жемқорлықтық құқық­бұзушы­лықтың алдын алу.

Былтыр халыққа 6 808 257 мем­лекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде мынадай қызметтер көр­сетілді:

– медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін меди­циналық ұйымға бекіту жөніндегі 896 657 қызмет, соның ішінде,  электрондық нысанда 5 348 қызмет;

– дәрігердің қабылдауына жазылу – 4 287 301 қызмет қағаз нысанында, соның ішінде, e-gov арқылы 73 214 қызмет;

– дәрігерді үйге шақыру – 589 207 қызмет (8,3 пайыз), соның ішінде, e-gov арқылы 20 509 қызмет көрсетілді;

– кадрларды даярлықтан өткізу, білік­тілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжат беру – 3 054 қағаз нысанында;

– АИТВ-инфекциясының болуына анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу – 168 119 қызмет қағаз нысанында;

– психоневрологиялық диспан­серден анықтама беру  – 113 237 қызмет  қағаз ныса­нында, соның ішінде, 4 658 қызмет «Аза­маттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;

– наркологиялық  диспансерден анық­тама беру – 188 678 қызмет қағаз нысанында, соның ішінде, 17 117 – «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;

– туберкулез диспансерінен анықтама беру – 10 305 қызмет қағаз нысанында;

– стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру – 270 770 қағаз нысанында;

– медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін меди­циналық ұйымнан анықтама беру – 65 324 қағаз нысанында;

– медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін меди­ци­налық ұйымнан уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру – 181 330 қағаз нысанында;

– медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін меди­циналық ұйымнан уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама беру –34 158 қағаз нысанында;

– тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызмет беру­шінің қойылатын талапқа сай екендігін (сәйкес еместігін) анық­тау – 117, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0;

– транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағза­ларын (ағзалар бөліктерін) алу мүм­кіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру не қайтарып алуды тіркеу – 0.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда халыққа 99 071 (1,5 пайыз) мемле­кеттік қызмет көрсетілді. Бұл – 2015 жылдың деңгейіне айтарлықтай, 10 есеге дейін (919-дан  99 071 қыз­мет­ке дейін) өсу  белгісі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­порациясы арқылы психонев­роло­гиялық және наркологиялық дис­пансерлерден анықтама беру түрінде 21 775 (0,32 пайыз) мем­лекеттік қызмет көрсетілді .

Елбасы – «Нұр Отан» партия­сының төр­ағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау және Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2025 жыл­дарға арналған партиялық бағдар­ламаны іске асыруға сай,  Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқар­масының мемлекеттік қызмет­шілері, бас дәрігерлер мен олардың орын­басарлары «Өзіңнен баста!» республикалық акциясына белсене қатыса бастады. Мақсат – БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) пен мемлекеттік органның сайтында мемлекеттік қызметшілер мен медициналық ұйым бас­шыларының табысы мен мүлкі туралы мәлімет жариялау.

 

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика мен  қазақстандық қоғамның мәдениеті «Мәңгілік ел» идеоло­гияның контекс­тінде қалыптасуы тиіс. Дәстүрлі рухани құндылықтар мен үздік халықаралық стандарт­тардың үйлесімі  азаматтардың заңды мінез-құлық қағидасын жасауға мүмкіндік береді. Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде  Денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық бағы­нысты меди­циналық ұйымдармен, уәкілетті аумақтық органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстарды тұрақты  жүргізуде. Бұрнағы жылдан бастап бүгінге дейін басқарманың 60-тан астам медициналық ұйымында Байқау кеңесі жұмыс істейді.

Былтырғы қаңтарда Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен мемлекеттік-жеке­меншік серіктестікті дамыту, ин­новациялық даму, қазақстандық медициналық техно­логияны баға­лау бойынша құрамы 35 адамнан тұратын Жұмыс тобы құрылды. Жыл сайын Денсаулық сақтау басқар­масының ұйымдары құқық қорғау органдарымен бірге жалпы­қалалық жұмыс кеңес  өткізеді. Онда сыбай­лас жемқорлық құқық­бұзушылықтың алдын алу мен бюджеттік қаражаттың мақсатсыз пайда­ланылуына жол бермеу мәселесі қаралады.

Уәкілетті органның ішкі аудит қызметі медициналық ұйымдарға бухгалтерлік есеп ісінде норма­тивтік-құқықтық актілер тала­бының сақталуына, қаржы-шар­уашылық қызметке, халыққа тегін меди­циналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бөлі­нісінде, елі­міздің   мемлекеттік сатып алу ту­ралы заңнамасы мен сыбайлас жемқор­лыққа қарсы заңнаманың сақталуына жүйелі түрде тексеру жүргізеді.  Денсаулық сақтау басқармасы басшысы мен  басшы орынба­сар­ларының, бас дәрігерлер мен олардың орын­басарларының азаматтарды жеке қабылдауы жүр­гізіледі. Басқармада «сенім теле­фоны» жұмыс істейді, Қоғамдық қабылдау қызметі құрылған.

Денсаулық сақтау саласында азамат­тардың құқығын қорғау мақсатында Пациенттің құқығын қорғау және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Кеңес ха­лыққа көр­сетілетін тегін меди­циналық көмектің кепіл­дік берілген көлемі мәселесіне мониторинг жүргізеді. Бүгінде аталған жұ­мыстар үкі­меттік емес ұйым­дармен: Диа­беттік қауымдас­тықпен, Мүгедектер қауым­дастығымен, Гемофилиямен ауырған, бүйрек алмастырған нау­қастар қауымдас­тығымен, қоғамдық ұйымдармен, БАҚ-пен бірлесіп атқарылады.

2015 жылдың соңында Ден­саулық сақтау басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері ми­нистрлігінің Алматы қаласы бойын­ша департаменті сыбайлас жем­қорлықтың кез-келген кө­рінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және қоғамда сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру мәселесі бойынша ынтымақтастыққа қосылу туралы актіге қол қойды. Бұл келісімге іс жүзінде медициналық ұйымның әр жұмыс­кері қол қойған.

Сыбайлас жемқорлықтық көрі­ністердің алдын алудағы элементтің бірі – Денсаулық сақтау басқар­масы өткізетін ротация. Бұл басшы құрамның жаңарып тұруына, бір құрылымнан екінші құрылымға оң тәжірибе енгізуге ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, қызметкерлер мансабы­ның өсуін қамтамасыз етіп, жем­қорлыққа жол бермейді. Өйткені, басшы лауазымында ұзақ уақыт отыру – қызметкердің лауазымдық міндетін асыра пайдаланудың көзі.

Басқарма бұл бағытта жұмысын жалғас­тырып, №7 ҚКА, №4 ҚКА, ЖШКА, Пери­натология және балалар кардиохирургия орталығы, №12 ҚЕ, №18 ҚЕ, №20 ҚЕ, Перинаталдық орталық, №1 ҚКА, Алматы онкология орталығы, ОҚКА, Ревматология орталығы тәрізді медициналық ұйымдардағы басшы құрамына ротация жүргізді.

Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Алматы әкімді­гінің 2016 жылғы 8 маусымдағы №2/257 қаулысымен халықтың денсау­лығын сақтау және нығайту сала­сында бірыңғай мемлекеттік сая­сатты жүргізу бойынша ведомство­аралық өзара іс-қимыл жасау үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылған.

Медицина қауымдастығы жұрт­шылыққа  көрсетілетін медици­налық қызмет саласында сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтың алдын-алу және ескерту жөніндегі жұмыс жүргізілуі қажеттігін се­зінеді. Өйткені, бұл тікелей ден­саулық сақтау жүйесінің индика­торымен байланысты әрі өз кезегінде елі­міз­дің демографиялық жағдайына, әлеу­меттік-экономи­калық дамуына, еңбек әлеуе­тіне, ұлттық қауіпсіздігіне әсерін тигізеді.