ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАҒАН ПРЕЗИДЕНТ

қатты толқығаннан көз жасына ерік берді…

%d0%b8%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%bc

Кения президенті Ухуру Кениата Бахрейн коро­льдігіне жасаған ресми іссапары барысында Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды. Әсерлі сәт жайындағы бейнебаян әлеуметтік желілерде кеңінен таралған деп жазады muslіm.kz.

Бейнебаянда қатты толқыған Кения президентінің көз жасына ерік берген сәті де көрсетілген. Ал, жан-жағын қаумалаған адамдар оны кезекпе-кезек құттықтау үстінде.

Айта кетейік, Ухуру Кениата 2013 жылдан бері билік құрып келеді. Ал, оның әкесі Джомо Кениата азаттық үшін күрес жүргізген көтерілісші қаһарман ретінде «кения халқының әкесі» саналады.

Ал Кения халқының діни құрылымына келер болсақ, шамамен жартысына жуығы протестанттар. Ал, төрттен бірі католик дінінде. Әрбір оныншы тұрғын Ислам дінін ұстанатын көрінеді.