ҚОРШАУЛАР БИІКТІКТЕРІНІҢ СТАНДАРТЫН ЕНГІЗУДІ ҰСЫНАМЫН

%d0%ba%d0%be%d1%80%d1%88%d0%b0%d1%83

Құрметті Бауыржан Байбек! Қала аумағында жекеменшік үйлердің, ғимараттардың қор­шау­лары тастан, кір­піштен, бетоннан, қаңыл­тырдан өте биік етіп салы­нып, ауа цирку­ля­ция­сына кедергі келті­руде. Кейбір қоршау­лар­дың биіктіктері 3 метрге дейін жетеді. Қаладағы қоршаулар биік­тіктерінің стандартын енгізуді ұсы­намын және қоршаулар жаса­лып жат­қан бетон, қаңылтыр­лар­ды басқа материал­дармен: тор, т.б. ауыс­тыру тиімді деп санай­мын.

Серік.

 

«Елді мекендердің аумақтарын көрік­тендіру ережелерінің»  4. 2. 3,5. 3 тармақ­тарына сәйкес, жекелеген телімдер, сондай-ақ коттедждік құры­лыс салу аумақтарында қор­шаулардың биіктігін 2,5 метрден асырмай, жобалауға рұқсат етіледі.

 

Ауыз су мәселесін шешіп беруіҢізді сұраймыз

Мен, Наурызбай ауданы, «Тастыбулақ» ықшамауданында тұрамын. Бізді ауыз су мәселесі мазалайды. «Сервис» бірлестігі суды кез-келген уақытта өшіріп тастайды. Аяз күндері су мүлдем болмайды. Су ақысын ай сайын төлеп отырмыз Әкімдікке шағым­­дансақ, жекеменшік деп шығарып салады. Ауыз су мәселесін шешіп беруіңізді сұраймыз. Рахмет.

 

Жанар.

ау-бақша бірлестігінің жекеменшігіне тиесілі. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 5-тарау, 102-бабына сәйкес бағбандықпен айналысуға немесе саяжай құрылысына арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасы азаматтарының бөлек меншігінде болып, ал жер учаскелері меншік иелерінің ортақ мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған жер учас­келері мен басқа да мүлік олардың ортақ үлестік меншігінде болған жағдайларда, ортақ мүлікке байланысты меншік иелері арасындағы қатынастарға кондоминиум туралы нормалар қолданылады. Кондоми­ниум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы, Қазақ­стан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 ақпандағы №108 бұйрығының 3-тармағына сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды сервистік қызмет субъектісі кондоминиум объектісін басқару орга­нымен жасасатын Заңның 10-2-бабының 10-6) тармақшасына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органы шартының үлгілік нысанына сәйкес жүзеге асырады. Шарт жасау алдында үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері сервистік қызмет субъектілерінің кандидатураларын жалпы жиналыста қарайды және Заңның 10-2 бабының 9) тармақшасына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иеле­рінің үлгі нысандағы хаттамасына сәйкес сервистік қызмет субъектісін айқындау туралы хаттама жасайды. Жоғарыда айтыл­ғандарды ескере отырып, су ұңғыма­сының жұмысын қалыпты жүргізу бау-бақша бірлестігінің өз құзіретіне тиесілі. Жоғарыда көрсетілген жауаппен келіспе­ген жағдайда, Қазақстан Республикасы­ның «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, Сіз лауазымды тұлға­ның шешіміне, іс- әрекетіне (әрекетсіз­дігіне) жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектіге, болмаса сотқа шағым­дануға құқылысыз.