ШЫНШЫЛ РЕЖИССЕР

%d1%87%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%b5%d0%b2

Режиссер, продюсер Ақан Сатаевтың есімі отандық студияның «Рэ­ке­тир», «Ағайынды», «Адас­қандар», «Жау­жүрек мың бала» секілді фильмдерінен көпке танымал. Өнерлі жандар­дың отбасында дүниеге келген дарынды бала әке-шешесінің тағдыры елең еткізер адамдардың өмірі туралы жиі айтып оты­ратын әңгімелерін тыңдап өседі.

Балалық шақтан есте қалған мұндай әңгімелердің кейбірі кейін оның өнер жолында оны кино етіп түсіруге түрткі де боп жатты. Оның бірі биылғы жылы ұсынылған режис­сердің жаңа туындысы – «Анаға апарар жол» фильмі. Аз уақыттың ішінде бұл фильм халықаралық «Еуразиялық көпір» кинофестивалінде Бас жүлдеге ие болғаны есімізде. Режиссер «Астана ақшамы» га­зетіне берген сұхбатында: «Мұнда ең бастысы, ізгілік, патриоттық сезім, анаға, адамзатқа, туған Отанға, отандастарға деген сүйіспеншілік дәріптелген. Кино бүгінгі таңда қоғамдағы ең үлкен тәрбие, идеология құралы екені рас болса, бұл картина талай жүрекке жылу береді ғой деп ойлаймын», – деді. Бұл фильмнің шыншылдығы кинотеатрға көру үшін барған аға буын көрер­мендердің қызығушылығынан да аңғарылды. Талай көрермен көзіне жас алды…

Ақан Қарғамбайұлының қай киносының да идеясы ізгілікті насихаттайды. Жалпы, көпке мәлім деректің бірі, Ақанның шығармашылығы арқылы өз жолын кино өнерінде тауып, айқындап жүрген жас актерлердің (жұлдыздардың) шығуы. Мәселен, режиссердің өз сөзімен айтқанда, «Районы» фильмінен 4-5 дарынды бала шықпақ. Бұл да оның кәсібилігінің бір көрінісі болса керек.

Ақан Қарғамбайұлы өз еңбек жолын Т.Жүргенов атындағы өнер шаңырағында білім алған тоқсаныншы жылдары «Аллажар» (1993) және «Жас аккордеон­шының өмірбаяны» (1999) фильмдеріне түсуден бастады. Өнер жолын актерлік ойындардан бастаған режиссер талабы әрқа­шан да өзгеше және жоғары болмақ. Сондықтан болар, Ақанның кейіпкерлерінің рөлдері көрерменнің көңіл түйткіліндегі ойлармен астасып, адамның жан сарайын­дағы айтыла бермейтін сырларды қозғайды. Оның қай фильмі ұсынылса да, көпшіліктің жылы қабылдауына бөленіп отырды. Ол қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғаумен қатар, шығармашылығында тарихи, патриоттық тақырыптарға да орын берді.

Бір қызығы, оның түсірген туындылары жасты да, кәріні де кинотеатрға шақырады. Және де жаңа түсірілімді тама­шалап қайт­қан адам өкінбей, рухани азық алып қайтады десек, артық емес.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ізденімпаз режиссер Ақан Сатаевтың қазақ кино­сының өркендеуіне қосары әлі алда. Ол алда алатын биік асулары бар нағыз шығарма­шылық адамы.

  1. Бұл мақала өмірі мен өнері өнегелі, табысты тұлға­лардың өнерін насихаттау мақсатында «Табыстың 100 қадамы» ұлттық жобасы бойынша жазылды.

 

Білім шырағын жаққан жан

Табысты еңбек жолын өзгеге таныс­тырмақ мақсатта мақала­мызға өзек болып отырған «Табыстың 100 қадамы» ұлттық жобасының тағы бір кейіпкері – ұстаз деген ұлағат­ты маман­дықтың иесі, ҚР білім беру ісінің үздігі Слободянюк Анна Сер­геевна. 

Балаларды жақсы көріп, олармен жұмыс жасағанды ұнатқандықтан, өмірлік кәсібіне ұстаздықты таңдаған Анна Сергеевна қырық жылға жуық оқу­шыларға физика пәні бойынша сабақ беріп келе жатыр. «Қай пәнді оқытсаң да өз ісіңді жақсы көруің керек» деп, бар білімін ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жұмсап жүрген жоғары білікті мұғалім – 2004 жылдан бүгінге дейін О.Жәутіков атындағы Респуб­ликалық дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интер­натында физика пәнінің мұғалімі, физика кафедрасының меңгерушісі.

Анна Сергеевна туған жері Душанбе қаласында бала кезінде-ақ физика, математика, әдебиет пен ағылшын тілін қызығушылықпен оқыды. Кейін өз болашағын осы пәндермен байланыста қарап, әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де (1971 – 1977) физика факультетінде оқиды. «Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту» мамандығын меңге­ріп, соңғы курсында Алматыдағы №120 орта мектепке тәжірибеден өтуге барады. Осы сәттен бастап, ол өзінің жанына бала­лармен жұмыс жасау жақын екенін түсініп, мұғалім болуға шешім қабыл­дайды. Сонымен, А.Слободянюк оқуын бітірісімен, осы мектепте өз қызмет жолын бастайды.

Жас мұғалім алғашқы кезде сабақта түсін­дірілетін материал ерте бітіп қалып, бос уақыт қалып қояды деген ойдан қатты қорқатындықтан, бүкіл мате­риалды жаттап алатын. Ол ешуақытта табысқа жету үшін еңбектенуді мақсат тұтқан емес, оған табыс өзі келді, балалар мен ғылымға деген махаббаты елімізде де, шет жерде де жақсы атын шығарды.

 

– Табыс дегеніміз – Өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысу, – дейді Анна Сергеевна. Оның дайындаған бала­ларының арасында республикалық және ха­лық­аралық конкурстарда ғылыми жобасымен жүзден жүйрік шыққан оқушылар Өте кӨп. Мәселен, 2010 жылдан бері оның оқушылары елімізде ұйым­дастырылған республи­­калық конкурс­тардан 10 жүлде алды.

Ал, Оңтүстік Кореяда, Грецияда, Ресейдің Санкт-Петербор және Противино қаласында Өткен халық­аралық жарыстар мен фестивальдерде, ғылыми-конферен­цияларда, физика бойынша турнирлерде – 3 алтын медаль,               1 қола меда­ль, 18 жоғары дәрежелі дипломдарға ие болды.

 

Еңбектің жемісі деген осы емес пе?! Мұндай нәтиже үшін қанша тер төгілгенін ойлап көріңізші. Әркім-ақ баласының осындай мұғалімге жолық­қанын қалар еді.

 

Адал еңбегінің арқасында 2008 жылы Нина Сергеевна айтарлықтай табыстарға жетті. Алдымен, «Ы.Алтын­сарин» төсбелгісін, сонан кейін  «Мұғалімдердің Жәутіков қала­лық олимпиадасы» 1- дәрежелі дипломын, «Учитель года РСФМСШИ» марапат­тарын алды. Ал, келесі жылы

Ва­шинг­тонда «Close up» бағдарламасына қатысып, білікті­лігін арттырды. 

 

А.Слободянюктің өмірлік ұстанымы – «адамдар­дың өзіңе қалай қатынас жасағанын қаласаң, олармен сондай қатынас жаса. Оқушы­ларыңа  басқа мұғалім қалай қаты­нас жасағанын қаласаң, олармен  сондай қатынаста бол». Сонымен бірге, ол өзге мұғалімдерді бақталас көрмей, өз командасының мүшесі ретінде көмектесіп, әріптестері­мен тәжірибе бөлісіп жүреді. Өйткені, «саусақ бірікпей, ине ілікпейді», ауызбіршілікті команда ғана ең жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Анна Сергеев­наның табысты еңбек жолын­дағы жас әріптестеріне берері әлі алда.