Универсиада кезінде 9 сауда орны жабық болады

%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d0%be%d1%80%d0%b4%d0%b0

29 қаңтар мен 8 ақпан ара­лығында санитарлық күндерге байланысты 9 сауда орны уақытша жабылады.

Олардың қатарында «Магнум» (Ақбұлақ, 273), «Алтын Орда» базары (Ташкент тас жолы 15 км. 1), «Барлық» (Ташкент тас жолы 18 км. 1/1), «Құрдас-7» (Ташкент тас жолы 15 км. 1/7), «Жібек Жолы» (Райымбек даңғылы 517/6), «Жұлдыз» (Розыбакиев к, 33/1), «Барыс 4» базарлары (Райымбек д, 212д/1), «Кар Сити» СО (Төле би, Яссауи к) «Арзан» гипермаркеті (Райымбек, 507а). Айта кету керек, қалада 46 сауда орны жұмыс істейді. Оның ішінде 4 арнайы мамандандырылған, 16 әмбебап, 26 азық-түлік сатылмайтын сауда орындары бар. Саудада 20 000-нан аса кәсіпкер мен 25 000 жұмысшы еңбек етіп келеді.

Еске сала кетсек, 28-Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары Ал­матыда 29 қаңтар – 8 ақпан аралығында өтеді.

«Ақшам-ақпарат».