Инженерлік жүйелер жұмысы бақылауда болады

Универсиада-2017 қарсаңында мегаполистегі инженерлік-коммуналдық желілерге бақылау күшейтілді

3-%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5

Нұрлан СҮЙІН

Алматыдағы жылу маусымын жүргізу бойынша қалалық штабы 28-Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары қарсаңында өз отырысын өткізді. Штаб отырысы Универсиада қарсаңында қалалық инженерлік желілердің жұмысын бақылауды күшейту жөнінде шешім қабылдады.

Бекітілген кешенді жоспар бойынша Универсиада-2017 нысандары қалалық инженерлік желіге енгізіліп, ортақ бақылауда болады. Күшейтілген бақылау бойынша жылу, электр энергиясы, басқа да коммуналдық қызметтерді үздіксіз жеткізуді қадағалау тәулік бойы жүр­гізіледі.

Универсиада нысандарына инженерлік-коммуналдық қызмет көрсету 60 апатты-жөндеу бригадасына жүктелді. Бригадалар 380 инженер-техникалық қызметтерден құралып, оларға 200 арнаулы техника бөлінді.

Универсиада нысандарына қызмет көрсетуге бөлінген қаржы, техникалық қуат көздерін тікелей басқару қалалық коммуналдық қызметтер басшыларына, олардың орынбасарларына жүктеліп отыр. Және де Алматы қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқар­масының басшылығы мен мамандарының жауапкершілігіне берілді.

Бұл Универсиада нысандарында, спорттық, мәдени шаралар кезінде ин­женерлік-техникалық құрам жұмысының нақты, жинақы болуын, коммуналдық желілерде штаттан тыс жағдайлардың болмауын қамтамасыз етеді.

Универсиада-2017 нысандарын жылу­мен, сумен, электр энергиясымен, басқа коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша тәулігіне бірнеше рет мониторинг жүргізіледі.

Бүгінгі таңда барлық қалалық коммуналдық мекемелер Универсиада-2017 ойындарын өткізуге дайын. Нысандарға электр энергиясы, су, жылу жеткізу сызбасы инспекторлық тексеруден өтті. Спорт алаңдарын электр энергиясымен қамту қосымша электржелілерімен, дизельді генераторлармен қамтамасыз ету қарастырылып отыр.

Универсиада-2017 ойындары кезінде мамандар мен арнаулы техниканы нысандарға шоғырландыру Алматы тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсету жүйесіне зиянын тигізбейді.