ЖҰМА КҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ ТУРАЛЫ

%d1%8b

 

*Күндердің ең ұлығы – жұма. «Жұма» сөзі жинау, басқосу деген мағынаны береді. Мұсылман бұл күнді қуанышпен қарсы алып, мешітке жина­лады, үгіт-насихат, уағыз тыңдап, жұма намазын оқиды.

 

*Алла Тағала жексенбіні Исаның (ғ.с.) қауы­мына, сенбіні Мұсаның (ғ.с.) қауымына, ал жұманы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметіне мейрам күні етіп берді.

 

*Тариқ ибн Шиһабтан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Жамағат болып жұма намаз оқу – әрбір мұсылман үшін парыз. Бұл үкім төрт адамға жүр­мейді. Олар: құл, әйел, сәби және науқас адам»,– деді (Әбу Дәуд пен Бәйһақи жеткізген).

 

*Балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, жүре­гінде иманы бар әрбір мұсылманға жұма намазын оқу – парыз. Хадисте көрсетілген төрт адамға – құл, әйел, сәби және науқасқа жұма намазы бұйы­рыл­майды. Өйткені, жұма намазы жамағатпен мешітте оқылады. Оған да біршама күш және әрекет керек. Ислам діні адамдарға жеңілдікті қалайды. Бұл топтағы кісілер шарасыз, әрі шамасыз болғандықтан, шариғат оларға мүмкіндіктен тыс ауырлық пен қиыншылықты жүктемейді.

 

«БӘРІ РАХМЕТ ҮШІН»

азық-түлік пен киім-кешек тегін берілетін дүкен ашылды

 

Оңтүстік Қазақстан облысы­ның Төле би ауданында «Бәрі рахмет үшін» әлеуметтік дүкен ашылды. Дүкенде азық-түлік пен киім-кешек тегін таратылады.

 

Дүкеннің жұмыс істеп жатқа­нына бірнеше ай болыпты. Осы бастаманы қолдаушылар әр ауданнан азық-түлік пен киім-кешек алып келіп жатыр. Дүкен күн сайын демалыссыз жұмыс істейді, кез-келген адам келіп, өзіне қажетті затты ала алады. Дүкенде қыстық киімдерді де табуға болады, еріктілер күн сайын келіп түсіп жатқан заттар­ды реттеп, сөрелерге қояды. Осы орайда, бей-жай қарай алмаған кәсіпкерлер де шыққан, олар аз қамтылған отбасынан шыққан 20 балаға қыстық киім алып беруді өз мойындарына алған.

— Мен мұны керемет бір іс деп ойламаймын, бұл — менің парызым, адамдарға көмек беру, ол адам­дарға шын мәнінде қажет болуы мүмкін. Неге істемеске? Маған не кедергі? Егер біз адамдарға мейіріммен қарайтын болсақ, әлем өзгере түсері анық. Мен өз достарыма, таныстарыма осын­дай жақсы іс жасауды ұсындым. Менің ойымша, бұдан шығын­далып кетемін деп ойла­май­мын. Бұл басқаларға да жақсы іс жасауға шабыттанды­ратын бола­ды, —  деді «Бәрі рахмет үшін» әлеуметтік дүкенін ашқан Мадина Ермаханбетова.

Осы бастаманы қолдаған біраз кәсіпкер де табылды. Бірне­ше компания тауарларды жеткізу үшін арнайы көлік бөлуді жоспар­лап отыр екен.

«Бәрі рахмет үшін» әлеу­меттік дүкені Шымкент қала­сын­да да ашылмақ. Мұндай дү­кендер елі­міздің бірнеше өңірінде ашылған.

 

kaz.tengrіnews.kz.