ЖАСТАРДЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН РАДИКАЛДЫ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде

осы бағыттағы басты құжат – Меморандумға қол қойылды

%d0%b0%d0%b0%d0%b0

 

Алматы облысының Дін істері жөніндегі басқарма бас­шы­сы Р. Есдәулетов пен Алма­тыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің рек­торы, доктор, профессор Сабри Хизметли «Қазақстан Республи­касында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 — 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла­ма туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 648 Жарлы­ғын және Қазақстан Рес­публи­касының басқа да норма­тивтік-құқықтық актілерін бас­шылық­қа ала отырып, Мемо­ран­думға қол қойды. Бұл — дін маман­­дарын дайындауда бағыт беретін, сапалы білімге жете­лейтін басты стратегиялық құжат.

Екі жақты құжатқа қол қою барысында ислам дінін зерттеу­ші, атақты ғалым, доктор, про­фес­сор Сабри Хизметли: «Біз қашанда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саяса­тын қолдаймыз. Бұл құжатқа қол қоюдағы мақсатымыз – жастарға, жалпы жұртымызға толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті діни білім беру, зайырлы біліммен қоса, басқа да салаларды ұлттық құндылықта­рымызбен сабақтастыра отырып түсіндіру, діни білімді жетілдіру. Жастарды діни экстремизм мен радикалды ағымдардан сақтан­дыру», – деді.

Меморандумның мақсаты – тараптар арасындағы біріккен жұмыстарды атқару, діни экс­тремизм мен терроризмнің алдын алу үшін біріккен іс-шаралар ұйымдастыру; ғылыми-әдісте­мелік семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға және басқа іс-шараларға тарап­тар­дың бірігіп қатысуы арқылы осы саладағы жинақталған білім­дер мен тәжірибелерін бөлісу; радикалды ағымдардың ықпа­лына түскен облыс тұрғындары ара­сында бірлескен оңалту жұ­мыстарын ұйымдастыру; терро­ризм идеологиясына ұшырауы мүмкін тұлғалармен оның алдын алу үшін қоғамдық және діни ұйымдар, мәдениет және ғылым қайреткерлерінің қатысуымен жастарға этносаралық және діни төзімділік идеяларын қалыптас­тыру үшін мәден-ағарту және тәрбиелік іс-шаралар жүргізу; университет студенттерінің өндірістік тәжірибеден өтуі мен олардың жұмысқа орналасуына ықпал ету; университетте экстре­мизм мен терроризмге қарсы күрес үшін ақпараттық парақ­шалар және басқа да ақпараттық құралдар дайындау және т.б. Бұл құжаттың тағы бір маңыздылығы – жастарды діни экстремизм мен радикалды ағымдардан сақтан­дыру болып табылады. Меморан­думның болашақ дін қызметкер­лері үшін қажетті дүние екені даусыз.

 

Ұ. ҚАДЫРБЕКҰЛЫ.

Шет тілдер және іскерлік

карьера университеті.