УНИВЕРСИАДА БИЛЕТІМЕН ПӘТЕР ҰТЫП АЛЫҢЫЗ!

universiada_4

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Универсиада – Олимпиада ойындарынан кейінгі басты спорт додасы. Сондықтан оған кез-келген мемлекеттің Үкіметі үлкен жауап­кершілікпен қарайды. Қазақстан Үкіметі де биылғы елімізде өткізілгелі отырған Универ­сиада ойындарына жоғары талап деңгейінен қарап, аса дайын­дықпен келіп отыр.

Кез-келген әлемдік спорт додаларының қалыптасқан өз стан­дарттары бар. Ол бойынша тестілік байқаулар өткізіліп, іс-шараның ұйымдасты­ры­луына дейінгі барлық процедуралық талаптар қатаң ескеріледі. Осыған қарағанда, елімізде өткізілетін Универсиада ойындары бұған дейінгі өткен спорт додаларынан айрықша өтетіні байқалып отыр. Осыған орай, Универ­сиаданың жүру бағытынан бастап, оның өткізілуі кезеңіндегі негізгі өлшем­дерге тоқтап өтсек.

Универсиада билетімен пәтер ұтып алыңыз!

Алау Алматыға дейін 22300 шақы­­рым жол жүріп, бұл аралық ұшақпен, пойызбен, автокөлікпен тасымалда­нады.

Қалған 200 шақырым жол жаяула­тып тасымалданады.

Универсиадада 31 функцио­налды бағыт бойынша қызмет көрсе­тіледі.

134 ерікті транспорттарды үй­лестіру саласында жұмыс істейді.

Қонақтарды қарсы алу мен шыға­рып салу бойынша 111 ерікті бағыт­талған.

Спортшыларды қонақүйлерге орналас­тыру оларға ақпарат беру мақсатында 50 ерікті бөлінген.

Айрықша қонақтарды аккре­дита­циялауға 50 ерікті қызмет көрсетеді.

Ақпараттық технологиялар бойын­ша 196 ерікті жұмылдыры­лады.

Хаттамалар мен лингвисти­калық қыз­меттер көрсетуге 373 ерікті қыз­мет көрсе­теді.

Медиа және баспасөз орта­лығын­да 134 ерікті жұмыс істейді.

Спорт нысандарында жарысқа қатысу­шылар мен қонақтарға көмек көрсету, атлеттерді допинг-бақылау аймағына алып жүруге 100 ерікті көмек көрсетпек.

Жарыстар өтетін нысандарда 724 ерікті қызмет көрсетеді.

Спорт нысандарына кіруді бақы­лау мен жарыс нысандарына жауапты еріктілер құрамында 330 адам бар.

Мәдени іс-шараларға және рәсім­дерге қатысу және көрер­мен­дермен жұмыс жасауға 354 ерікті қатыспақ.

Универсиада қонақтарына тамақ­тану бойынша кеңес беру бағытына 50 ерікті бөлінген, әртүрлі бағыттар бойын­ша жұмыс істеуге 394 ерікті жұмылды­рылған.

Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау қала­­ларында алау эстафетасы 27 қаңтар күні жүріп өтеді.

Ôóíêöèîíàëüíûå íàïðàâëåíèÿ âîëîíòåðîâ (eng)

Универсиада алауы – Қызылорда, Тараз, Шымкент, Тал­ды­қорған қала­ларында 28 қаңтарда өтеді.

Алау оты Алматыда 29 қаңтарда  тұтанады.

Алау – Универсиада астанасы Алма­тыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аума­ғында тұтатылып, ол ірі спорт нысан­дарына жеткізіледі.

«Эйр-Астана» компаниясы еліміз­дің өзге өңірлерінде жағылған 15 алауды Алма­ты қаласына жеткізеді.

Алау эстафетасын жеткізу үшін «Ви­раж» автокөлік холдингі 70 автокөлік бөліп отыр.

Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Пав­­лодар, Қарағанды, Өскемен қалала­рында Универсиада алауы 26 қаңтар күні жүріп өтеді.

Ақмола облысында Универсиада ала­уын жағу эстафетасы 26 қаңтарда өтеді. Кіші олимпиада алауын алып жүру  А.Мыр­захметов атындағы Көк­шетау универси­теті­нің студенті, бокстан әлем чемпионы Дина Жала­манға берілген.

Көкшетаулық спортшылар ара­сында 2015 жылғы Универсиада кезінде 15 шақы­рымдық қашықтықта жеңімпаз атанған Алена Райкова бар.

Шайбалы хоккейден қазақстан­дық команда сапында ақмолалық 6 спортшы бар.

Солтүстік Қазақстан облысынан конь­кимен сырғанау жарысына АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен әлем кубогы­ның жеңімпазы, Азия чемпионы, Ванкувер және Сочидегі Олимпиадалық ойынға қатыс­қан Роман Креч қатысады.

Бүкіләлемдік Универсиадаға Оңтүстік Қазақстан облысынан фри­стайл бойынша 5 спортшы қатысады.

Универсиадаға Қарағанды облы­сынан хоккей, шаңғы жарысы, мә­нер­­леп сырғанау, коньки және биат­лон спорты бойынша 14 спортшы қатыспақ.

Фристайлдың акробатика түрінен ірі жеңіске жеткен тұңғыш қазақ қызы – Жан­бота Алдабергенова.

Алматыдағы Қысқы Универсиа­дадан кейін Оңтүстік Кореяда Азия ойындары өтпек.

Универсиада жарыстарында алтын алған спортшыға – 15 мың, күміс алғанға – 10 мың, қола медаль иеге­ріне – 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.