ТҰЛҒАТАНУ ТҰҒЫРЫНАН ТҮСПЕЙДІ

Өз ой-пікірімен де, іс-әрекетімен де көпшілікке темірқазық бола білетін дара тұлғалардың орны қашанда бөлек. Қоғамдық санаға қозғау салатын да, үлгі-өнегесімен ел-жұртты соңынан ерте алатын да, адамның жанын ізгілендіріп, рухани баюға бағыт нұсқап, жол көрсететіндер де – солар.   

«Алматы ақшамы» тұлғатану мәселелеріне үнемі жіті көңіл бөліп, осы тақырыпты жан-жақты тарата жазып келе жатыр. Оқырман бұған «Тұлғатану», «Адамдар. Жылдар. Тағдырлар», «Жарық жұлдыз­дар», «Бұрынғының адамдары-ай!» және тағы да басқа тұрақты айдарларымыз арқылы көз жеткізе алады. Бұл айдарлар аясында еліміздің және шет елдің кеудесі қазынаға толы кемеңгерлері мен ойшылдарының, қалам қайраткерлері мен сахна саңлақтарының, өнер майтал­мандары мен спорт сайыпқырандарының ғұмырындағы қызықтар мен шыжықтар баяндалады.

Осы орайда біз «Биыл кімдердің мерейтойлары болады?» деген сауалға жауап іздеп, бірауық күнтізбеге үңіліп, біраз ғаламтор ақтарған едік. Сол талпынысымыздың нәтижесін назарларыңызға ұсына отырып, босағамыздан бері аттап үлгерген 2017 жылы да газеттің тұлғатану саласындағы игі дәстүрі әрі қарай жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.

%d0%ba%d1%83%d0%bd%d0%b0%d0%b5%d0%b2

%d1%80%d0%be%d0%b7%d0%b0%d0%b3%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d1%82Қаңтар

1 қаңтарда ҚР халық әртісі Сара Тыныштығұлова 75 жасқа;

5 қаңтарда ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлы­ғы­ның иегері Нұрғали Нүсіпжанов – 80 жасқа, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері, актер Бақтияр Қожа – 60 жасқа толды.

18 қаңтарда кинорежиссер, актер және сценарист Такеши Китано (Жапония) 70 жасқа;

20 қаңтарда ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім 65 жасқа;

30 қаңтарда әйгілі шахматшы, халықаралық гроссмейс­тер, шахматтан әлемнің 10-чемпионы Борис Спасский 80 жасқа толады.

Бұл айда ақын Мақсұтбек Майшекиннің туғанына 120 жыл (1.01), мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 105 жыл (12.01), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жағда Өгізбаевтың туғанына 105 жыл (1.01), КСРО халық әртісі Всеволод Санаевтың туғанына 105 жыл (25.01), КСРО халық әртісі Шолпан Жандарбекованың туға­нына 95 жыл (1.01), Қазақстанның халық әртісі Байғали Досымжановтың туғанына 95 жыл (1.01), Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Дүңгенбай Ботпаевтың туғанына 90 жыл (10.01), ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 85 жыл (22.01), италиялық философ, жазушы, әдебиет сыншысы Умберто Эконың туғанына 85 жыл (5.01), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айтжан Айдарбековтің туғанына 80 жыл (1.01), жазушы Тұтқабай Иманбековтің туғанына 80 жыл (2.01), атақты боксшы Мұхаммед Әлидің туғанына 75 жыл (17.01), әйгілі португал футболшысы Эйсебионың туғанына 75 жыл (25.01), өнертанушы, театр сыншысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әшірбек Сығайдың туға­нына 70 жыл (11.01) толады.

%d0%b0%d1%81%d0%b0%d0%bd%d3%99%d0%bb%d1%96-%d3%99%d1%88%d1%96%d0%bc%d2%b1%d0%bb%d1%8b-11

%d0%b0%d0%b7%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%b6%d0%b0%d0%bdzejnolla-sh-kirovАқпан

1 ақпанда жазушы, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапай 60 жасқа, Ресей халық әртісі, әнші Лев Лещенко 75 жасқа;

2 ақпанда жазушы, журналист Сара Латиева 70 жасқа;

13 ақпанда режиссер, Қазақстанның халық әртісі Маман Байсеркенов — 80 жасқа;

14 ақпанда жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлы 60 жасқа;

17 ақпанда ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова 65 жасқа;

18 ақпанда балалар ақыны Ескен Елубаев 75 жасқа;

19 ақпанда кинорежиссер Амангелді Тәжібаев 75 жасқа;

21 ақпанда Ресей халық әртісі Вера Алентова 70 жасқа;

23 ақпанда жазушы Молдахмет Қаназ – 75 жасқа, ақын, журналист Жарылқасын Боранбайұлы – 70 жасқа;

25 ақпанда «Тақиялы періште» фильміндегі Айша рөлі арқылы танымал актриса Шолпан Алтайбаева 70 жасқа;

28 ақпанда әлем чемпионы, атақты футбол қақпашысы Дино Дзофф (Италия) 75 жасқа толады.

Бұл айда америкалық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Джон Стейнбектің туғанына 115 жыл (27.02), КСРО халық әртісі Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл (21.02), КСРО халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл (8.02), кинорежиссер Мәжит Бегалиннің туғанына 95 жыл (22.02), ақын Зейнолла Шүкіровтың туғанына 90 жыл (16.02), француз кинорежиссері Франсуа Трюффоның туға­нына 85 жыл (6.02), суретші-мүсінші Сәкен Ғұмаровтың туғанына 80 жыл (3.02) толады.

 

%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%ba%d0%b5%d0%bd

%d0%b1%d0%b0%d0%ba%d1%8b%d1%82%d0%b3%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%bd

 

 

 

 

 

 

Наурыз

5 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кәдір­бек Демесінов 65 жасқа;

9 наурызда жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай 70 жасқа;

12 наурызда грузин операсының жарық жұлдызы, КСРО халық әртісі Зураб Соткилава 80 жасқа;

13 наурызда әнші, жыршы, педагог Набат Ойнарова 70 жасқа;

23 наурызда ҚР ҰҒА академигі, профессор Серік Қира­баев 90 жасқа;

25 наурызда ҚР ҰҒА академигі, профессор Әлия Бейсенова 85 жасқа;

27 наурызда әдебиеттанушы-ғалым, профессор Бақытжан Майтанов 65 жасқа толады.

Бұл айда жапон жазушысы Акутагава Рюноскэнің туға­ны­на 125 жыл (1.03), қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсі­ре­повтің туғанына 115 жыл (22.03), композитор Бақыт­жан Байқадамовтың туғанына 100 жыл (11.03), тарихшы-этнограф Нығмет Мыңжанидың туғанына 95 жыл (22.03), жазушы Амантай Байтанаевтың туғанына 95 жыл (10.03), жазушы Оразбек Бодықовтың туғанына 90 жыл (29.03), ко­лумбиялық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсия Маркестің туғанына 90 жыл (6.03), ақын Әділбек Абайділдановтың туғанына 85 жыл (28.03), ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл (8.03), ақын Жүсіп Қы­ды­ров­тың туғанына 80 жыл (18.03), Қазақстанның халық әрті­­сі Зейнеп Қойшыбаеваның туғанына 80 жыл (6.03), ақын Жеңіс Қашқыновтың туғанына 75 жыл (4.03), режис­сер, сықақшы Марат Сақатовтың туғанына 70 жыл (27.03) толады.

%d0%ba%d0%b0%d0%b1%d0%b4%d0%be%d0%bb%d0%be%d0%b2

%d0%ba%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bb-%d0%ba%d0%b0%d1%80%d0%bc%d1%8b%d1%81%d0%be%d0%b2

%d0%ba%d2%af%d0%bb%d3%99%d1%88-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d1%81%d0%b5%d0%b9%d1%96%d1%82%d0%be%d0%b2%d0%b02Сәуір

10 сәуірде журналист-жазушы, шоқантанушы, «Мәдени мұра» журналының бас редакторы Жарылқап Бейсен­байұлы 70 жасқа;

17 сәуірде танымал актер, ұстаз, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының профессоры Есім Сегізбаев 80 жасқа;

19 сәуірде пианист, профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова 60 жасқа;

22 сәуірде атақты актер, продюсер Джек Николсон (АҚШ) 80 жасқа;

25 сәуірде КСРО хоккей құрамасының даңқты қақпашысы Владислав Третьяк 65 жасқа;

26 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор Шота-Аман Уәлихан 85 жасқа;

29 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Айткүл Құдайбергенова 60 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық әртісі Қамал Қармы­совтың туғанына 105 жыл (24.04), КСРО халық әртісі Күләш Байсейітованың туғанына 105 жыл (19.04), КСРО халық әртісі Георгий Вициннің туғанына 100 жыл (18.04), ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 95 жыл (15.04), жазушы Иван Щеголихиннің туғанына 90 жыл (1.04), Ресей халық әртісі Евгений Моргуновтың туға­нына 90 жыл (27.04), жазушы-публицист, кинотанушы, мемлекет қайраткері Камал Смайыловтың туғанына 85 жыл (24.04), кинорежиссер Андрей Тарковскийдің туғанына 85 жыл (4.04), атақты мысырлық актер Омар Шарифтің туға­нына 85 жыл (10.04), ақын-термеші Шымболат Ділде­баев­тың туғанына 80 жыл (22.04), әйгілі голланд футболшысы, бапкері Йохан Кройфтың туғанына 70 жыл (25.04) толады.

%d0%bc%d1%83%d1%85%d1%82%d0%b0%d1%80

%d1%88%d0%b5%d1%80%d1%85%d0%b0%d0%bdМамыр

3 мамырда жазушы Қуаныш Жиенбай 65 жасқа, әнші-композитор, актер Қадырғали Көбентай 50 жасқа;

4 мамырда режиссер, кинодокументалист Қалила Омаров – 60 жасқа, музыка зерттеушісі, күйші-домбырашы Жарқын Шәкерім 70 жасқа;

5 мамырда күйші-композитор, дирижер, өнертану профессоры Айтқали Жайымов 70 жасқа;

6 мамырда КСРО халық әртісі Владимир Этуш 95 жасқа;

8 мамырда КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 80 жасқа;

10 мамырда жазушы, журналист Жанат Елшібеков 70 жасқа;

13 мамырда журналист, «Қазақстан-Тараз» телекомпа­ниясының президенті Мейрамбек Төлепберген 60 жасқа;

14 мамырда ҚР еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Меңдиярова – 70 жасқа, театр режиссері, Гете медалінің иегері Болат Атабаев – 65 жасқа;

27 мамырда ҚР ҰҒА академигі, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков 80 жасқа толады.

Бұл айда Халық Қаһарманы, қазақтың тұңғыш әйел-ұшқышы, соғыс ардагері Хиуаз Доспанованың туғанына 95 жыл (15.05), әдебиеттанушы, профессор Мүсілім Базар­баевтың туғанына 90 жыл (15.05), Қазақстанның халық ақыны Әлімқұл Жамбыловтың туғанына 90 жыл (9.05), КСРО халық суретшісі Қанапия Телжановтың туғанына 90 жыл (1.05), Грузияның халық әртісі Софико Чиаурелидің туғанына 80 жыл (21.05), Ресей халық әртісі, Шурик рөлі арқылы әйгілі актер Александр Демьяненконың туғанына 80 жыл (30.05), әнші-термеші, композитор Мұхамеджан Рүстемовтің туғанына 85 жыл (15.05), «Тамашаның» тарланы Құдайберген Сұлтанбаевтың туғанына 70 жыл (1.05), әдебиеттанушы-ғалым, профессор Алма Қырау­бае­ваның туғанына 70 жыл (26.05), әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 55 жыл (18.05) толады.

%d1%85%d0%b8%d1%83%d0%b0%d0%b7

%d1%88%d0%b0%d0%bc%d0%b3%d0%be%d0%bdМаусым

1 маусымда ақын, журналист Қуанышбай Құрманғали 75 жасқа;

7 маусымда түрік жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Орхан Памук 65 жасқа;

13 маусымда ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин – 70 жасқа, атақты футбол қақпашысы Ринат Дасаев – 60 жасқа;

%d1%88%d0%be%d0%ba%d0%b8%d0%bd

%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%b017 маусымда ақын-драматург Арғынбай Бекбосын 80 жасқа;

18 маусымда ағылшын әншісі, әйгілі «Битлз» тобын құрған төрт музыканттың бірі Пол Маккартни 75 жасқа;

19 маусымда журналист, аудармашы, баспагер Ырым Кененбай 70 жасқа;

22 маусымда Ресей халық әртісі Наталья Варлей 70 жасқа;

24 маусымда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, режиссер Нұрқанат Жақыпбай 70 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдасты­рушы, қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл (3.06), қазақтың алғашқы кәсіби дирижері, КСРО халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиевтің туғанына 90 жыл (15.06), жазушы Танаш Дәуренбековтің туғанына 90 жыл (20.06), үнді актері Амриш Пуридің туғанына 85 жыл (22.06), рок-музыкант, «Кино» тобының әншісі Виктор Цойдың туғанына 55 жыл (21.06) толады.

 

Шілде

1 шілдеде танымал суретші-дизайнер, көркемдеу өнерінің шебері Нағым Нұрмұханбетов 65 жасқа;

2 шілдеде ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 75 жасқа;

3 шілдеде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Ақшолақов 65 жасқа;

13 шілдеде америкалық актер Харрисон Форд 75 жасқа;

14 шілдеде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, драма­тург, режиссер, кинооператор Игорь Вовнянко 75 жасқа;

15 шілдеде филология ғылымдарының докторы, профессор Телғожа Жанұзақов 90 жасқа;

25 шілдеде Халық Қаһарманы, әскери қайраткер, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев 65 жасқа;

29 шілдеде спорттық гимнастикадан 5 дүркін Олим­пиа­да жеңімпазы, 5 дүркін әлем чемпионы Нелли Ким 60 жасқа;

30 шілдеде америкалық актер Арнольд Шварценеггер 70 жасқа;

31 шілдеде КСРО халық әртісі Эдита Пьеха – 80 жасқа, ақын-журналист Мырзан Кенжебай – 70 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық әртісі, биші Шара Жиен­­құлованың туғанына 105 жыл (18.07), Ж.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, ақын Аманжол Шамкеновтың туғанына 90 жыл (20.07), әдебиетші, фольклор­танушы Едіге Тұрсыновтың туғанына 75 жыл (10.07) толады.

 

Тамыз

7 тамызда КСРО халық әртісі, «Украина қаһарманы» София Ротару 70 жасқа;

17 тамызда опера және эстрада жұлдызы, КСРО халық әртісі Мүсілім Магомаев 75 жасқа;

24 тамызда бразилиялық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Пауло Коэльо 70 жасқа;

25 тамызда кезінде «Қайрат» сапында ойнаған футбол­шы, қазір танымал бапкер Құрбан Бердыев 65 жасқа толады.

Бұл айда мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабай Шаях­метовтың туғанына 115 жыл (30.08), ақын, аудар­машы Ғали Ормановтың туғанына 110 жыл (15.08), мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің туға­нына 100 жыл (10.08), Кеңес Одағының екі дүркін Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің туғанына 95 жыл (5.08), әдебиетші-ғалым, сыншы, профессор Тұр­сынбек Кәкішевтің туғанына 90 жыл (15.08), музыка­танушы, ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда ойнаушы Болат Сарыбаевтың туғанына 90 жыл (14.08), геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик Шахмардан Есеновтің туғанына 90 жыл (5.08), КСРО халық әртісі, композитор Еркеғали Рахмадиев­тің туғанына 85 жыл (1.08), журналист-жазушы Кеңесхан Зәкен­нің туғанына 80 жыл (20.08), КСРО халық әртісі, балетмейстер, хореограф Рамазан Баповтың туғанына 70 жыл (16.08) толады.

 

Қыркүйек

4 қыркүйекте жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлен Әбдік 75 жасқа, ал жазушы Еркінбай Әкімқұлұлы 80 жасқа;

15 қыркүйекте атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлық иегері Кәмшат Дөненбаева 80 жасқа;

16 қыркүйекте ақын, журналист Шаһизада Әбдікәрімов 60 жасқа;

28 қыркүйекте ҚР халық жазушысы Шерхан Мұртаза 85 жасқа толады.

Бұл айда даңқты испан жазушысы Мигель Серван­тестің туғанына 470 жыл (29.09), қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл (28.09), америкалық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Уильям Фолкнердің туғанына 120 жыл (26.09), даңқты италиялық киноре­жиссер Микеланджело Антонионидің туғанына 105 жыл (29.09), техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірхан Байқоңыровтың туғанына 105 жыл (14.09), Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Сырбай Мәу­ле­новтің туғанына 95 жыл (17.09), «лейтенант Коломбо» рөлі арқылы әлемге әйгілі болған америкалық актер Питер Фальктің туғанына 90 жыл (16.09), Халық Қаһарманы, Мемлекеттік сыйлық иегері, театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің туғанына 85 жыл (1.09), суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ыдырыс Қарсақбаевтың туғанына 85 жыл (2.09), ақын, аудармашы Қайрат Жұмағалиевтің туғанына 80 жыл (16.09), жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дүкенбай Досжанның туғанына 75 жыл (9.09) толады.

 

Қазан

5 қазанда ақын Есенғали Раушанов 60 жасқа;

11 қазанда атақты ағылшын футболшысы, әлем чемпионы Бобби Чарльтон 80 жасқа, ал әйгілі үнді актері Амитабх Баччан 75 жасқа;

12 қазанда жазушы, тарихшы Еркінбек Тұрысов 90 жасқа;

14 қазанда жазушы, аудармашы Шәрбану Бейсенова 70 жасқа;

15 қазанда ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаев 90 жасқа;

21 қазанда Италия эстрадасының танымал жұлдызы Риккардо Фольи 70 жасқа;

28 қазанда ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Роза Рымбаева 60 жасқа толады.

Бұл айда мемлекет және қоғам қайраткері, филолог, публицист Нәзір Төреқұловтың туғанына 125 жыл, Қазақ­станның халық жазушысы Әлжаппар Әбішевтің туғанына 110 жыл (15.10), көрнекті ғалым, тілтанушы, профессор Мәулен Балақаевтың туғанына 110 жыл (7.10), көрнекті қазақ энергетигі, профессор, академик Шапық Шөкиннің туға­нына 105 жыл (1.10), шығыстанушы, этнолог, археолог Лев Гумилевтің туғанына 105 жыл (1.10), Өзбекстанның мемлекет және қоғам қайраткері Шараф Рашидовтың туғанына 100 жыл (24.10), КСРО халық әртісі, театр және кино актері Анатолий Папановтың туғанына 95 жыл (31.10), КСРО халық әртісі, актер, режиссер Олег Ефремовтің туғанына 90 жыл (1.10), ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтің туғанына 80 жыл (3.10) толады.

 

Қараша

5 қарашада әйгілі украин футболшысы, 1975 жылғы «Алтын доп» иегері Олег Блохин 65 жасқа;

7 қарашада ҚР еңбек сіңірген әртісі Жанна Керімтаева 65 жасқа;

17 қарашада тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог Зейнолла Самашев – 70 жасқа, атақты америка­лық кинорежиссер, актер, сценарист Мартин Скорсезе – 75 жасқа;

29 қарашада ақын Зейнолла Тілеужанұлы 75 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық жазушысы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (29.11), жазушы, журналист Жайық Бектұровтың туғанына 105 жыл (15.11), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, кинооператор Михаил Аранышевтің туғанына 105 жыл (12.11), Қазақстанның халық әртісі Гүлжиһан Ғалиеваның туғанына 100 жыл (11.11), Қазақстанның халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың туғанына 100 жыл (5.11), Үндістанның мемлекет және қоғам қайраткері Индира Гандидің туғанына 100 жыл (19.11), сықақшы-жазушы, драматург Садықбек Адамбековтің туғанына 95 жыл (15.11), балалар жазушысы Машқар Гумеровтің туғанына 90 жыл (11.11), КСРО халық әртісі, кинорежиссер, драматург Эльдар Рязановтың туғанына 90 жыл (18.11), КСРО халық әртісі Михаил Ульяновтың туғанына 90 жыл (20.11), Қазақстанның халық әртісі Бақыт Әшімованың туғанына 80 жыл (8.11) толады.

 

Желтоқсан

4 желтоқсанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сыншы, аудармашы Әлия Бөпежанова 65 жасқа;

8 желтоқсанда жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қажығали Мұханбетқалиұлы 75 жасқа;

11 желтоқсанда әйгілі үнді актері Дилип Кумар 95 жасқа;

20 желтоқсанда жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков 75 жасқа;

26 қыркүйекте әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек 65 жасқа;

31 желтоқсанда атақты ағылшын актері, режиссері Энтони Хопкинс 80 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның халық жазушысы, ақын Дихан Әбілевтің туғанына 110 жыл (26.12), ақын, әдебиеттанушы, профессор Қажым Жұмалиевтің туғанына 110 жыл (28.12), жазушы Әди Шәріповтің туғанына 105 жыл (19.12), ақын Жұмағали Саинның туғанына 105 жыл (25.12), жазушы, аудармашы, дінтанушы Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл (18.12), Қазақстан халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл (29.12), неміс жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Генрих Белльдің туғанына 100 жыл (21.12), Ресей халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, спорт комментаторы Николай Озеровтың туғанына 95 жыл (11.12), Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұр­шайы­қов­тың туғанына 95 жыл (15.12), Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері, композитор Ғазиза Жұбанованың туғанына 90 жыл (2.12), академик, әдебиет сыншысы, фольклортанушы Рахманқұл Бердібайдың туғанына 90 жыл (2.12), жазушы, әдебиет зерттеушісі, академик Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жыл (12.12), жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Ғабдуллиннің туғанына 90 жыл (26.12), ақын, жазушы Оспанәлі Иманәлиевтің туғанына 90 жыл (21.12), Қазақстанның халық әртісі, домбырашы, күйші-композитор Мағауия Хамзиннің туғанына 90 жыл (29.12), музыка зерттеушісі, фольклортанушы Зейнұр Қоспақовтың туғанына 85 жыл (20.12), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актриса Мәрияш Жақсымбетованың туғанына 80 жыл (5.12), ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор Мыңжасар Маңғытаевтың туғанына 80 жыл (23.12), журналист-жазушы, баспагер Нұрмахан Оразбектің туғанына 80 жыл (01.12), жазушы, ғалым, әдебиет зерттеушісі Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (12.12) толады.