ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ТҮСУІ МҮМКІН

%d0%bf%d0%b0%d0%bd-%d0%b3%d0%b8-%d0%bc%d1%83%d0%bd

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун қызметімен желтоқсанның соңында қоштасты. Алайда, ол қаңтардың екінші жартысында Кореядағы президент сайлауына түсетіні жөнінде мәлімдеме жасауы әбден мүмкін. Бұл туралы Ымсон елді-мекенінің мэрі құлаққағыс етті. Бұл  — 1944 жылы туған саясаткердің туған жері.

– Пан Ги Мун Оңтүстік Кореяға қаңтардың ортасын­да оралады, – дейді мэр Ли Пхиль Ён. – 15-20 қаңтар аралы­ғында ол өзінің туған жерінде аса маңызды мәсе­лелер жөнінде сөз сөйлейді. Саяси шолушылардың ойын­ша, белгілі саясаткер, қайраткер елдегі өтетін президент сайлауына қатысуға шешім қабылдауы әбден мүмкін.

 

Бесжұлдызда тұрған ештеңе жоқ

Литваның Шимонс шаһарының тұрғын­­дары жергілікті мэрдің жаңажылдық шыршадағы бесжұлдызды алып тастау жөніндегі пікіріне қарсылық білдірді. Жергілікті тұрғындардың ойынша бесжұл­дызда тұрған ештеңе жоқ. Ал мэр Д.Бар­даускас бұл пікірмен келіспейді. Оның ойынша, шыршадағы бесжұлдыз жаңажылдық емес, КСРО-ның белгісі көрінеді. Осыған орай, шыршаны бұзуға пәрмен берген ол тұрғындардың ғана емес, жергі­лікті дінбасының да қарсылығына ұшы­рады.

– Кейбіреулер үшін бесжұлдыз комму­низмнің белгісі болып көрінер, мен үшін бұл әрбір тақырбас адамның проле­тариат көсемі болып елестейтіні тәрізді ғана әсер қалдырады. Сондықтан мен бесжұл­дыздан ешқандай коммунистік белгі көріп тұрған жоқпын, – деді жергілікті епископ Й.Кау­нецкас.