КӨСЕМДІ ЖАҢА ЗАҢҒА СҮЙЕНІП ҰЛЫҚТАЙДЫ

%d0%ba%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%80%d0%be

Куба халық үкіметінің ұлттық ассамблеясы таяуда өмірден озған Фидель Кастроның есімімен қоғамдық орындарды атауға тыйым салатын жаңа заң қабылдады. Бұл көсемді құрметтемеу деген сөз емес. Есесіне, жаңа заң революция көсемінің бейнесінің әдебиетте, музыкада, би, кинода көрсе­тілуіне қарсы емес. Бұл ретте мәдениет қайраткер­леріне еркіндік берілген. Оның портретін кеңсе­лерде, оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде іліп қоюға болады. Мемлекет басшысы Рауль Кастроның айтуынша, ең бастысы, көсемнің революциялық тұжырым­дамасын есте сақтап, қадір тұту, қастерлеу.

Қысқасы, көсемді жаңа заңға сүйеніп ұлық­тай­ды.