ЖҮЙКЕГЕ ТИЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРІ

%d0%b6%d1%83%d0%b9%d0%ba%d0%b5

АҚШ-тың Колумбия университетінің зерттеушілер тобы әлемдегі ең жүйкеге тиетін қызмет түрлерін зерттеп, оның немен байланысты екенін түсіндірді. Ғалымдар тәжірибеге 22 мың адамды тартып, оларды 3 топқа бөлді. Олардың қатарында – қатар­дағы қызметкерлер, ірі компаниялардың басшылары, орташа дәрежедегі басшылар, менеджерлер бар.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, олар­дың бірқатарынан дағдарыс түрі байқал­ған. Мұндай жағдай компания иелерінде 11 пайыз, қарапайым қызметкерлерде 12 пайыз, есесіне орташа деңгейдегі мекеме басшыларында 18 пайызды көрсеткен.

Зерттеу нәтижесі мынандай болды. Дүниедегі ең жүйкеге тиетін жұмыс орташа деңгейдегі менеджерлерге тиесілі екен. Оларда жауапкершілік сезімі басқаларға қарағанда жоғары болатын көрінеді. Бұл қызметтегі адамдарға жұмыс орнында көп кедергілер кездеседі екен. Сондықтан оларға үнемі дайындықта жүруге тура келеді.

Қ.ИМАН.

 

Роботқа ғашық боп қалды

Өмірде не болмайды десеңші! Алайда, қазіргі технологияның қарыштап дамыған заманында ештеңеге де таңқалуға бол­майтын тәрізді. Алайда, мына бір жағдай болмаса. Францияның Лилли атты тұрғыны роботқа өлердей ғашық болып, оған тұрмысқа шығуға шешім қабыл­дапты. Ол өзінің твиттер парақшасында «біз ешкімге зиян келтірмейміз, біз бақыттымыз» деп жазыпты. Ендігі оның роботқа ғашық болуының да сыры белгілі болып қалды. Ол 19 жасынан бері жалпы техникаға, көлікке өте құмар болып өскен екен. Тағы да бір ақылға сыймайтын нәрсе, Лилли Францияда адам мен робот­тың тұрмыс құруына байланысты заңның шығуын асыға күтіп жүр екен.