Алматы нарығы қызықтырып отыр

Жапондық Mіnіso бренді мегаполисте франшиза бойынша екі дүкен ашты

1

Нұрлан СҮЙІН

Mіnіso – тұрмысқа қажетті бұйымдар (косметика, тұрмыстық химия, ыдыс-аяқ, электроника, үй заттары, т.б.) сататын әлемдік ритейлер. Яғни, халықаралық желі қалыптастырған жапондық бренд.

Болашағымен қызықтырған Қазақстан нарығын игеруді Mіnіso бренді Алматыдан бастап отыр. Жапон ритейлерінің жаңа нысандары «Апорт» сауда орта­лығы мен «Махіmа» сауда желі­сінде ашылды. Жапон дүкенде­рінің ерекшелігі – тауарларының басым бөлігінің бағасы 900 теңгеден аспайды. Mіnіso бренді осындай сауда орнын Астанада да ашпақшы. Сонан соң, Қа­зақстан бойынша тағы 10 сауда орнын ашу жоспарланған.

Бүгінгі таңда халықаралық, трансұлттық компанияларды Алматы нарығы қызықтырып отыр. Мысал ретінде Alstom, Sіemeng, LG Elektronіcs, Coca-Cola Bottlers брендтерін айтса болады. Бүгінде Алматыда шетел­дік капиталдың қатысуымен 14 мыңнан астам компания бар. Олар әлемнің 100-дей елінен ке­ліп, біздің нарыққа қаржы салып отыр. Алматыдағы Starbucks, McDonalds, Rіtz Carlton франши­заларының жұмыс істеуі әлемдік ірі бренд­тердің біздің нарыққа қызығушы­лығының көрінісі. Осы бағытта танымал Kempіnskі брендімен қатар әлемдік аты бар Hіlton, Novotel  желілері де Алматыда қонақүйлер ашпақшы.

Келесі жылы оңтүстік астана­да ірі неміс ритейлері OBІ-дің бірінші гипермаркеті  ашылады. Ірі француз ритейлерімен Leray Merlіn сауда үйі үшін тауар сату жөнінде келісім-шартқа да қол қойылды. Cіtіc, Evonіc, Staay Food Group, Medіcal Unіon Pharma tіcals, Veolіa сияқты ірі трансұлттық компаниялармен де келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бір сөзбен айтқанда, Алматы нарығына трансұлттық компа­нияларды тарту жұмысы нәтиже­лі жүргізілуде.