ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА МҰҚТАЖДАРДЫҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР!

2020 жылға дейінгі Өңірлерді  дамы­ту бағдарламасының «Қазақстан ипо­тека­лық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекция­сының басқармасы 2017 жылдың 9 қаңтарынан 11 қаңтар аралы­ғында e-gov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы өтініштер мен құжаттарды қабылдайды.

Электрондық веб-порталы арқылы құжат­тарды өткізу үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет.

«Қазақстан ипотекалық компа­ниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы, Алатау ауданының «Ақбұлақ» ықшамауданында орналасқан 16 (бір бөлмелі – 8, екі бөлмелі – 8) дайын пәтерлерді сатып алу жоспарланған.

«Қазақстан ипотекалық ком­па­ниясы» ипотекалық ұйымы» акцио­нерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша – жергілікті атқару­шы органда кезекте тұрғандар, «Тұрғын үй  қаты­настары  туралы» Заңның 67-бабының 1-тар­мағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген  тұл­ғалар санатына жататындар, атап айтқанда:

көп балалы отбасылар;

толық емес отбасылар;

мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

жетім балалар, ата-анасының қамқорлы­ғынсыз қалған балалар;

оралмандар;

мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюд­жеттік ұйымдардың қызметкерлері;

1 және 2-топтағы мүгедектер.

Аталған бағыттың  қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар  мен критерийлер бойынша жүргізіледі:

1-кіші топ – жергілікті атқарушы органда осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ, балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;

2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар.

Бөлінетін тұрғын үй нормалары:

1-кіші топ қатысушылары үшін  50 %;

2-кіші топ қатысушылары үшін  50 %.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;

2) Бағдарламаның 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндетте­мелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау.

Адам басына пайдалы алаңының көлемі кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, бірақ,   кемінде   бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын   жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар І топ ретінде Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес келетін үміткерлер пәтердің белгілі бір түріне өтініш пен мынадай құжаттарды тапсырады:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәлан­дыратын құжат;

2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;

3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүше­лерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүше­лерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойын­ша   тіркелгені  туралы мекен­жай анық­тамасы;

5) өтініш берушінің жұмыс орны­нан анықтамасы;

6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;

7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып,  тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама;

8)  өтініш иесінің табыстар алғанын растай­тын анықтама.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу саты­латын пәтерлердің санына сәйкес жүргізіледі.

Өтініш   берушінің  тиісті табысы растал­маған жағдайда, Бағдарламаның тиісті бағытын­дағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі.

Бағдарлама бағыттары  шегінде сатып алу құқығымен жалға алу арқылы тұрғын үй алған Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынады.