Универсиада-2017 қарсаңында жеңілдіктер маусымы басталады

%d1%82%d0%be%d1%80%d0%b3%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%86%d0%b5%d0%bd%d1%82%d1%80-%d0%b2-%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%8b

ХХVІІІ Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 іс-шарасын өткізу қарсаңында Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін науқандық ұсыныстар іске қосылады. Almaty Sales Festіval шеңберіндегі сатылым 2017 жылғы 20 қаңтардан 10 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтеді. Барлық 126 сауда ойын-сауық орталықтары мен «street retіal» үлгісіндегі дүкендерде азық-түлік емес тауарлардың кең көлемдегі түрлеріне жеңілдік беріледі.

imgonline-com-ua-compressed8hdwuk9idwhy

Науқандық ұсыныстар Алматыда 2017 жылғы 29 қаңтардан 8 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтетін еліміздің зат белгілік Универсиада-2017 іс-шарасына орайластырылатын болады. Бұл кезеңде Қазақстан өңірлері мен шет  елдерден туристердің келуі күтілуде. Іс-шараның өзіне әлемнің 58 елінен келетін 2 000-нан астам спортшы қатысады.

2016 жылғы желтоқсанда қалада Жаңа жыл мерекелеріне орайластырылған сатылымның жүргізілгенін атап өтеміз. Атап айтқанда, 120-дан астам сауда ойын-сауық орталығы мен 120 азық-түлік әмбебап дүкен 19 пайыздан 80 пайызға дейінгі жеңілдікті іске қосты.

 

   Алматы қаласы Кәсіпкерлік және

индустриалды-инновациялық даму басқармасы.