ТОҒЫЗЫНШЫ ЕМХАНАҒА ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР КЕЛДІ

%d0%bc%d0%b5%d0%b4

Тоғыз жолдың торабында орналас­қан Түрксіб ауданындағы №9 емхана қаламыздағы   ең ірі емдеу мекемеле­рінің бірі болып саналады. Емханаға тіркелген  адамдарының саны да көп. Дейтұрғанмен, емхананың ақ желеңді абзал жандары өз аумағында тұратын  әрбір тұрғынының  денсаулығына  үлкен жауапкершілікпен қарайды.  Емханада бірнеше  «Денсау­лық» мек­тебі, жас аналар мен сәбилер бөлімі, қарттар клубы, жастар мен жасөс­пірімдер ден­саулығына жауапты ар­найы  кабинеттер жұмыс істейді.  Ем­ханада аурудың алдын алуға бағыт­талған тексерулер, жас ерекше­лігіне байланысыты жүргізілетін  скринингтік тексерулер де жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Жаңа жыл қар­саңында №9 емхана ұжымы үлкен қуанышқа кенелді. Олар өздері көптен бері ар­мандап жүрген жаңа медици­налық құрал-жабдықтарға қол жеткізді. Әсіресе, әйелдер арасында жиі кездесетін сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алуға мол мүмкіндік беретін маммограф пен  жаңа мониторлы гинекологиялық құрал-жабдыққа қол жеткізгендеріне  қуаныш­ты.

– Мұндай құрал-жабдықтың сатып алынбағанына біраз уақыт болған еді. Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқарма­сының қолдауының нәтижесінде  жаңа қондырғыларға қол жеткіздік. Жаңа жыл қарсаңындағы бұл жаңалық емхана ұжымына  жігер беріп, өз жұмыстарына деген жауапкерші­ліктерін арттыра түсті. Өткен жылдың 23 қарашасы мен 23 желтоқсан аралығында өткізілген «Сапа» айлығы да медициналық қызмет көрсетудегі кейбір кемшіліктерімізді айқындап, жаңа міндеттемелер алуымызға үлкен септігін тигізді, – дейді денсаулық сақтау ісін ұйымдас­тыру бойынша мол тәжірибесі бар емхананың бас дәрігері Әсел  Мұратқызы Мұсабаева.

 

«ақшам-ақпарат»