ТАМАҚ ТАПҚЫШ ТАЯҚ

тарих қойнауына кетті

gai_inspektor

Әнуарбек ӘУЕЛБЕК

Полицияның таяғы. Бұл өзі бұрыннан-ақ тарихи таяқ еді…

О басында жәй ғана жол жүру тәртібін реттеудегі қызмет құралы ретінде пайдаланылған ала таяқ (бертін келе, қызыл таяқ), көп ретте, жеке қалта­лардың құралына айнала бастады. Содан болар, бұл тақырып ұзақ жылдардан бері сын садағының бір нысанасына айналып келді. Белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіровтің «ТТТ» деген керемет сатирасы да сол заманда-ақ ел көкейінен дөп шыққан болатын. Содан бері «тамақ тапқыш таяқ» аталып кеткен ала таяқ ел-жұрттың көңілінде тек бір ғана мақсатта пайдаланылып келе жатқандай көрінетін.

2014 жылдан бері «Жол жүру туралы» Заң жоба­сы қарала бастағанда-ақ, өркениетті елге тән өзгерістер көбірек қамтылып, тіпті, кейіннен полиция таяғына да кезек келген еді. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып жүрген сол жылы берген бір сұхбатында: «Жалпы, осы полиция таяғының қажеті қанша? Меніңше, бұл МАИ кезінен қалған тарихи идея», – деп, одан біртіндеп бас тарту туралы айтқан болатын. Сол күн туды. Ендігі жерде полиция қызметкерлері  таяқсыз жүреді.

znakipdddlyadeteyykartinki2

2017 жылы жол-көлік айыппұлдары қаншалықты өсті?

2017 жылы төменгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (АЕК) өсуіне байланысты жол-көлік ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі де көтерілген. Биыл 1 АЕК 2 269 теңгеге тең

Жылдамдықты 20-40 шақырым сағатқа арттырғанда – 22 690 теңге төлесе, 20-40 шақырым сағатқа дейін жоғарылатқандар  34 035 теңге, ал 40 шақырым сағаттан жоғары болса 68 070 теңге айыппұл төлейді.

Өткінші жолақ, бұрылыста, бағдаршамға бағынбай өтіп кеткен жағдайда 22 690 теңге төлейді.

Өткінші жолақта жолаушыларға жол бермеген жүргізу­шілерге 22 690 теңге айыппұл салынады.

Артқа жүру және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде тәртіп бұзған жүргізушілер 15 883 теңге айыппұл төлейді.

Бұрылыс кезінде жарық белгісін қоспай бұрылғандарға 11 345 теңге айыппұл қарасты­рылған.

Ал тротуарда және жалғызаяқ жолдарға шығып кеткендер, сонда көлігін қаңтарып қойғандар 35 035 теңге айыппұл төлейді.

Жол бойында апатты жағдай туғызған жүргізушілерге  22 690 теңге айыппұл салы­нады.

Темір тұлпарын жүргізушілік кәулігінсіз немесе уақытша куәліксіз  басқарған жүргізу­шілерге 11 345 теңге айыппұл салынады.