НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

%d1%81%d0%bd%d0%be%d1%83%d0%b1%d0%be%d1%80%d0%b4

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Адамзат баласы жыл он екі ай маусымның кез-келген айына ерекше құрметпен қарайды. Жылдың ең алғашқы айы қашан да локомотивтік рөл атқарады. Биыл елімізде қаңтар айының соңғы күндерінде алауын жағатын ХХVІІІ Бүкіләлемдік Қысқы Универсиаданың басталуына санаулы күндер ғана қалды. Бүгінгі күнге дейін Универсиадаға қатысу үшін әлемнің 57 елі өтініш білдіріп отыр. 2011 жылы Азиада ойындарын абыроймен өткізген Алматының мойнында тағы бір үлкен жауапкершілік тұр.

Универсиада ойындары Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында өтеді. Бүгін біз Универсиада ойындарының негізгі деген саласын жүгіртпе жолдар арқылы беріп отырмыз.

af367476fc43f8fbdbfd213cabf0c573_xl

  • Алматыда өтетін Универсиада – студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болмақ.
  • Универсиада «Қанатыңды кең қақ!» ұранымен өтеді.
  • Универсиада 2017-нің бойтұмары ретінде жылдамдық пен көкке асқақтауды, жеделдікті, қуатты және жеңіске құш­тарлықты – нағыз жас спортшыларға тән қасиеттерді бейнелейтін қазақ даласының ерікті және қайратты мекендеушісі – жас сұңқар таңдалып алынған.
  • Қысқы Универсиада-2017 логотипі стильденген қанаттар түрінде бейнеленген.
  • Универсиаданың логотипінде FLSLL-дің символикалық элементі болып табылатын U латын әрпі көрініс тапқан.
  • Алматы ТМД қалалары арасынан Қысқы Универсиаданы алғашқы болып өткізіп отыр.
  • Ойындар спорттың 12 түрі бойынша өткізіледі.
  • Алматыға әлемнің 57 елінен 2 мың спортшы қатыспақ.
  • Универсиада – Дүниежүзілік сту­денттердің спорттық ойындары. Ол – халықаралық студенттер спорты феде­рациясының (FLSU) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін жарыс.
  • downhill-skiing-wallpapers
  • Спорт жарыстарына 17 мен 28 жас арасындағы студенттер, аспиранттар, докторанттар және спорт шарасы алдында ғана оқу бітірген түлектер қатысады.
  • 1905 жылы Америкада алғашқы рет студент-жастар арасында спорт жарыстары өткізілді.
  • 1919 жылы Студенттер конфеде­рациясы құрылды.
  • 1923 жылы Францияда Бүкіләлемдік студенттер ойындары өткізілді.
  • 1924 жылы Халықаралық студенттер конфедерациясы атты институт құрылды.
  • 1924 жылы Польшада жеңіл атлети­кадан студенттер арасында тұңғыш әлем біріншілігі өткізілді.
  • 1927 жылы Италияда екінші әлем бірін­шілігі өткізіліп, оның бағдарламасына жеңіл атлетикадан басқа суда жүзу, сем­серлеу, теннис және футбол ойындары қосылды.
  • 1928 жылы Италияның Кортина д, Ампеццо қаласында тұңғыш рет Қысқы ойындар универсиадасы алауын жақты.
  • 1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс­тың салдарынан тоқтап қалды.
  • 1947 жылы жастар ойыны қайта жан­данып, ол Халықаралық студенттер одағы (UІE) болып қайта құрылды.
  • Универсиада – 50 жылдан астам уақыт­тан бері Олимпиада ойындарынан кейінгі екінші ірі халықаралық жарыс болып саналады.
  • Универсиада атауымен тұңғыш рет 1959 жылы Италияның Турин қаласында жазғы Универсиада алауын жақты.
  • kerling
  • 1960 жылы Францияның Шамони қаласында Универсиада атауымен алғаш­қы Қысқы спорт ойындары өткізілді.
  • Бұрынғы КСРО аумағында бір-ақ рет Универсиада ойындары өткізілді. Ол – 1973 жылы Мәскеуде VІІ Жазғы ойын­дармен тарихта қалды.
  • Қазақстан студенттері тәуелсіз мем­лекеттің өкілдері санатында бұл жарыстарға 1993 жылдан бері қатысып келеді.
  • 1993 жылы елімізде Қазақстан Сту­денттер спорты федерациясы құрылды.
  • Универсиада алаңдарында осы уақыт­қа дейін біздің 700 студентіміз қаты­сып, жалпы саны 125 медаль жеңіп алды.
  • Қазақстан студенттері тұңғыш рет Польшаның Закопане қаласында өткен Универсиадаға қатысты.
  • Универсиаданың тұңғыш күміс медалі Польшада алынды.
  • Қазақстан спортшылары 12-Қысқы Универсиадаға қатысып, сайыстарда 32 медаль жеңіп алды. Оның 12-сі – алтын, 7-еуі – күміс, 13-і – қола медаль.
  • Қазақстан ұлттық командасы 2005 жылы Австрияның Инсбург қаласында өте табысты өнер көрсетті.
  • Осы Универсиада ойындарында жерлес­теріміз 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді.
  • 2013 жылы Италияның Трентино қала­сында өткен ойындарда еліміз студент­тері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.
  • %d0%bf%d1%80%d1%8b%d0%b6%d0%ba%d0%b8
  • 2015 жылы Универсиада ойындары тарихта тұңғыш рет екі елде – Словакияда және Испанияда бөлініп өткізілді.
  • 2015 жылы өткізілген Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар 5 алтын, 6 күміс жеңіп алып, жалпы­коман­далық есепте 3-орын алды.
  • ХХVІІІ Қысқы Универсиада ойын­дарын Алматы қаласында өткізу туралы шешім 2011 жылдың 29 қарашасында қабылданды. Шешім Брюссельде Халық­аралық университеттер федерациясында дауыс беру нәтижесінде өткізілді.
  • Алматы — бұрынғы Кеңестер одағы елдері арасында алғашқы болып Қысқы Универсиада астанасы мәртебесіне ие болған тұңғыш қала.
  • Мәскеу мен Қазан қалалары студент­тердің Жазғы спорт ойындарын өткізген.
  • Алматы дүниежүзілік Қысқы Универ­сиаданың жалауын Испанияның Гранада қаласында қабылдап алды.
  • Универсиаданың алауы еліміздің 16 қаласын аралап өтеді.
  • Ең ұзақ эстафета Алматы қаласымен жүріп өтпек. Оның қашықтығы 20 шақырымды құрайды.
  • Алматыда алауды 100 адам алып жүреді.
  • Универсиада алауы 22500 шақы­рымдық қашықтықпен жүріп өтеді.
  • Универсиада өз елшісін белгіледі. Олар – Олимпиада жеңімпазы Дмитрий Баландин, атақты волейболшы Сәбина Алтынбекова, әншілер Әли Оқапов, Нұржан Керменбаев және былғары қолғап шебері Дариға Шәкімова.
  • Қазақстан аймақтарында тұтанған Универсиада алауы 25 – 29 қаңтарда Алматыға жеткізіледі.
  • Универсиада алаулары қауіпсіздік шараларына орай, шахтерлік Дэви лампа­ларымен жоғары талаппен тасымалданады.
  • «Эйр Астана» әуе компаниясы ұлттық тасымалдаушы ұжым санатында ХХVІІІ Бүкіләлемдік Қысқы Универсиаданың ұйымдастыру комитетімен ынтымақтастық жөнінде келісім-шартқа отырған.
  • Универсиадаға еріктілер тарту бойын­ша қазақстандық 15 жоғары оқу орнымен өзара меморандумға қол қойылған.
  • Алматы қаласының 27 оқу орнында еріктілер бағдарламасы бойынша семинар сабақтары өткізілді.
  • Еріктілер қатарында 3 мың адам тұр.
  • Универсиада дирекциясы тарапынан тағайындалған 150 үйлестіруші-ерікті бар.
  • Универсиада ойындары кезінде ерік­тілер 30-дан астам қызмет көрсету бағы­тында жұмыс істейді.
  • Еріктілер қатарында болуға өтініш берушілер ішінде шетелдіктер де бар. Өті­ніш­­тер АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлы­британия, Украина, Молдова, Канада, Ливан елде­рінен де түскен.
  • Универсиадаға қатысатын спорт­шылардың әрқайсысына екі ерікті көмек­тесетін болады.
  • Елімізге визасыз 45 елден спортшылар келеді. 4 елге рұқсат елшіліктерде, ал 7 елге Қазақстанның әуежайларында беріледі.
  • Универсиада күндері қалада 195 спорт­тық және 16 қосалқы мәдени шаралар өтеді.
  • Универсиаданың қауіпсіздігін қамта­масыз ету үшін күш құрылымдарының 6,5 мыңнан астам қызметкері тартылмақ.
  • Спорттық шаралардың мүмкіндіктері шет елдің халықаралық ірі 30 көрмесінде көрсетіледі.
  • «Алматы Арена» кешенінің жалпы аумағы 10 гектарды құрайды. Бұл – Уни­версиаданың ең үлкен әрі басты нысаны.
  • Спортшыларға арнап Атлеттер ауылы салынды. Ол бір сәтте 5 мың спортшыны қабылдайды. Спортшыларға арнап, 1 кісілік және 3 кісілік жатын орындар берілмек.
  • Спортшылар Атлеттер қалашығында қазақ ұлтының дәстүрлі ән-күйлерімен, ұлттық жәдігерлермен таныса алады.
  • Қалашықта 1748 пәтер бар.
  • Қалашық 8-9 қабатты тұрғын үйлерден тұрады. Онда 8 тұрғын үй және 14 қабатты 4 ғимарат бар.
  • Универсиада ойындары жарыс­тарының бір бөлігі «Медеу» мұз айдынында өтеді.
  • «Медеу» мұз айдынының салын­ғанына 44 жыл толып отыр.
  • Әлемдік мұз айдынында – әлемнің 120-дан астам ректорды жаңартылған.
  • Универсиадаға қазақстандық 227 спортшы қатыспақ. Олардың 121-і – жігіттер, 106-сы – қыздар.
  • Спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік туристер келмек.
  • Спорт жарыстарын әлемнің 80 еліндегі 1 млрд. адам теледидар арқылы көрмек.
  • Универсиада нысандарын аралап көруге «Спорттық Алматы» атты экср­курсиялық тур ұйымдастырылған.
  • Универсиада ойындары «Медеу» спорт кешенінде, «Шымбұлақ», тау шаңғысы курортында, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплин кешенінде, «Алатау» шаңғы және биатлон кешенінде, Балуан Шолақ атын­дағы Спорт және Мәдениет сарайында, «Алматы Арена», «Халық Арена», «Табаған» спорт-ойын сауық кешенінде өткізілмек.
  • Универсиадаға қатысушыларға арнап, ұлттық ас мәзірі дайындалмақ.
  • Спортшылар мен қонақтарға 150 қазақ ас мәзірі араласқан мейрамханалар мен дәмханалар қызмет көрсетеді.
  • Универсиаданы ұйымдастырушылар әуе­жайға арнаулы құралдар орнатып, елімізге келуші спортшылардың денсау­лығын тексеріп, анықтап бере алады.
  • Алматы қаласының әкімшілігі Уни­версиада ойындары үшін арнайы қаражат бөліп, 40 реанимациялық автомобиль сатып алды.
  • Универсиада кезінде қызмет көрсе­тетін медициналық мамандар мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің екінші тобы Алматыда ағылшын тілі курсынан өткізілген.
  • Медициналық қызмет көрсету сала­сындағы 83 қызметкер және ТЖД-ның 33 өкілі базалық ағылшын тілі курсын бітіргені жөнінде сертификат алған.
  • Универсиада кезінде қызмет көрсе­тетін 120-дан аса медициналық қызмет­керге ағылшын тілі курстарын бітіргені туралы құжат берілген.
  • «Қазпошта» Универсиаданы ұлықтау бойынша арнайы пошталық маркалар шығарды.
  • Арнайы шығарылған марка 4 бояумен басылған.