«АЛМАТЫДА ТҰРЫП «АЛМАТЫ АҚШАМЫНА» ЖАЗЫЛМАУ МҮМКІН ЕМЕС»

aksha2

«Алматы  ақшамы»  Жаңа жылда  жаңа оқырмандармен  толықты.  Басылым  бағасы екі есеге қымбаттағанымен,  оқырмандарымыз сүйікті  басылымынан қол  үзген жоқ. Оның  айқын дәлелі –  жыл басталысымен келіп жатқан оқырман хаттары. Хат иелері басылымның таралымы жыл сайын көбейіп, шығармашылық деңгейінің арта беруіне тілектестігін білдіреді. Осыған орай оқырмандардың  бірсыпырасының жаңажылдық лебіздерін жариялап отырмыз.

Құрметті «Алматы ақшамы» газетінің ұжымы! Сіздерге 2017 жылда денсаулық,  еңбекте  жеміс  тілеймін.

Мен 1932 жылғымын, жасым 85-те. 1941 – 1945 жылдары жастайымнан еңбек етіп, сол жылдарғы еңбегім үшін (1941-45ж.ж) «За доблестный труд»,  «Наша дело правое мы побе­дили» деп жазған Сталиннің бейнесі бар медаль­мен мара­патталдым. Алматыда 1968 жылдан,  9-ақпаннан бері тұрып келеміз.  1988 жылдан бері өз ана тіліміздегі  газетті оқимыз. Зайыбым да оқиды.

Менің бұл хатты жазудағы мақса­тым – таяуда  бір оқырман «Алматыда тұрып «Алматы ақшамына» жазылмау мүмкін емес» деп жазған екен. Мен де сол оқырманның сөзіне қолдау білдіру үшін осы хатымды жазып отырмын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құсайынов, зейнеткер.

akhshamy-01

АЛМАТЫНЫҢ АЙНАСЫ ДЕСЕК  ТЕ  ЖАРАСАДЫ

Құрметті «Алматы ақшамы» газеті­нің ұжымы! Сіздерді Жаңа 2017 жыл мерекесімен шын  жүректен құттықтай­мын! Сіздерге және Сіздердің жанұяла­рыңызға зор денсаулық, баянды бақыт, байлық, көтеріңкі көңіл күй, творчес­тволық табыс және де берекелі де мерекелі  ырысты күндер тілеймін! «Алматы ақшамын» неше жылдан бері үзбей оқып келемін. Бұл басылымды  Алматының айнасы десек те жарасады.

Айзада ӘБІЛҚАСЫМОВА,

зейнеткер, көп балалы ана.

 

ӘШІРБЕКТІҢ  САРАПТАМАЛАРЫ  КӨҢІЛГЕ ӨТЕ ҚОНЫМДЫ

ылға түгелдей жазылып, оқып келе жат­қа­ныма биыл 11 жыл толады. Маман­дығым – физик-математик. Зейнеткермін, жасым 79-да. Жыл сайын 7-8 газетке жазыламын. Биыл, 2017 жылы   8 газетке жазылдым. Сол газеттердің ішінде «Алматы ақшамы» менің отбасымның ең сүйікті газетіне, яғни, отбасылық газетке айналды. Бұл газет қаланың тынымсыз тыныс-тіршілігін дер кезінде дәл баян­дауымен және тақырыптарының сан алуандығымен ерекшеленеді. Тілі көркем, шұрайлы, бай әрі түсінікті «Бұрынғының адамдары-ай», «Өмір-өнеге», «Жақсыдан сөз қалсын», «Тұлғатану», т.б. осы тәрізді айдармен берілетін мақалаларды біздің отбасымыз барынша сүйіп оқиды. Осын­дай мақалалардың берілуі үзілмесін деп тілейміз. Ал «Керек дерек» айдарымен бері­летін ақпараттың өзі неге тұрады десеңізші?! Сондай-ақ, саяси шолушы Әшірбек Амангелді  ініміздің сараптамасы да көңілге өте қонымды.

Сөз соңында «Алматы ақшамының» ұжы­­мын  Жаңа жыл мерекесімен шын жүрек­тен құттықтай отырып, ұжымның әрбір мүшесіне мықты денсаулық, отбасына береке-бірлік, дәулет және  шығармашылық табыс тілеймін.

Бекраш ЖҮСІПОВ, зейнеткер.

 

ПОШТАШЫЛАРҒА РАХМЕТ АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ

Мен зейнеткермін. Осы Алматы қала­сында 1999 жылдан тұрамын, «Алматы ақшамына» 1995 жылдан  жазылып оқимын. Бір жыл бойы ешқандай  іздеу­сіз жетісіне  үйге  үш рет әкеліп қолы­мызға тапсырып тұрады.

Әрине, біздер, қарт адамдар, газет­тің  келетін күнін күтіп отыра­мыз. Себебі, бұл газетте күнделікті  жаңалықтар, я болма­са  нендей шаралар жасау жөнінде газет­те дер кезінде  жарияланып  отырады.

Газеттен қызыға оқитын тақырыптар алуан түрлі. Өмірден өтіп кеткен еңбек  майталмандары, лауазымды адамдардың өмірбаян­дары,  ертеде өткен батыр баба­лары­мыз  жайында қызықты мақалалар­ды оқисың. Осы орайда газет  тіл­шіле­рінің жан-жақты, іргелі ізденіс­теріне ризашылығымды білдіргім келеді.

Біздің пошта бөлімі  Шемякин көше­сінде. Сондағы хат тасушы қыздар жер­дің  қашықтығына, күннің суығы, ысты­ғына төзе жүріп, газетімізді бір нөмірін де шашау  шығармай,  дер кезінде қолы­мызға табыстайды. Сол балаларға реті келіп тұрғанда газет бетінде ризашы­лы­ғымды білдіруге мүмкіндік  жасаула­рыңызды сұраймын.

Орынбасар  ҚОНЫСБАЕВ,

зейнеткер.

 %d0%be%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2

ЕСМҰҚАН  ЖАЗУШЫҒА АЙНАЛЫП КЕТКЕНДЕЙ  КӨРІНЕДІ

«Алматы ақшамы»  – менің қартая баста­ғандағы серігіме айналған ақылдасым, сыңарым, рухани азығым, екінші  жейтін наным десем де болады.

Сонау 1988-89 жылдардың бірінде Алматыда Республика  сарайында айтыс өтті. Ол кезде айтыстың  жаңа-жаңа шыға бастаған кезі еді. Сонда көрермендер бастама көтеріп, «Вечерний Алматы» неге қазақша болып шықпасқа деген пікірталас  туды. Көп кешікпей көпшіліктің  арманы орындалып,  қазақша  «Алматы ақшамы» жарық көре бастады. Міне, содан бері жазылып, үйге алғызып тұрамын. «Ақшамдағы» өзекті мәселелер барған сайын күрделеніп, өрісі кеңейіп, қызық  жәйттер  молайып, қызғушылық артып бара­ды. «Ақшамның»  ұжымы өңкей білікті, сауат­ты,  тілдері  өткір, сөздері ұшқыр жандар.  Жетісіне  үш рет шығады. Соның ішінде бейсенбі күні үйге келеді. Сенбі, сейсенбі, бейсенбі  күндерін бірге алып келеді. Екі күн күні-түні оқып, үлкен ләззат аламын. Әсіресе, жерлесім Есмұқан  Обаевтың Нұрғали Ораз  өңдеген әңгімелері өте ерекше. Есмұқан режиссерліктен  жазушыға  айналып кеткендей көрінеді.

Менің айтпағым, 1 жылға  түгел жазыламын. Туысқан, таныс, көршілерімізді де жазылуға үгіт­теймін. Кейбіреулер айтқандай,  «Ұтсам да, ұтпа­сам да өкінбеймін». Бірақ, ең болмаса 1 рет ұтқан­ға не жетсін!

Айналайын «Ақшамның» журналистері!  Жаңа  Жылдарың құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Советхан ОСПАНОВА,

зейнеткер.

Алматы облысы,

Талғар ауданы,

Гүлдала елді мекені.