ІІМ азаматтардың тұрғылықты мекен жайы бойынша қалай тіркеле алатынын айтып берді

3-%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f

Қазақстан Республикасы Орталық коммуникация орталығында ІІМ Көші-қон департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенова Қазақстандағы азамат­тарды тіркеу қағидасына енгізілген өзге­рістердің шарттарын түсіндірді. Мем­лекеттік және өңірлік бағдарламаларды дайындау барысында бұдан былай азаматтардың Тұрғын жайда тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Мұндай қадам «жалға берілетін пәтерлер» проблемаларын шешіп қана қоймай, сонымен бірге тіркеусіз тұру проблемасын шешеді. Сонымен қатар, Галина Сәрсенова егер азамат заңда көрсетілмеген талапты орындамаса, қанша айыппұл төлейтіндігін де түсіндірді.

– Біз азаматтарға 1 ай көлемінде ес­керту бердік. Бұл заңдағы талап 2015 жылы енгізілген болатын. Бізде мұндай ескерту бұрыннан болған. Яғни, азаматтар белгілі бір жерге көшіп қону үшін уақыт керек. Бір ай уақыт өткеннен кейін азамат талапты орындамаса, 10 АЕК немесе 22 690 теңге көлемінде айыппұл төлейді, – деді ресми өкіл.

ІІМ Көші-қон департаменті бастығы­ның орынбасары Қазақстандағы азамат­тарды тіркеу үшін ХКҚО-да барлық жағдай жасалғандығын да атап өтті. Бүгінгі таңда азаматтар тұрғылықты мекен жайы бойынша ХҚКО-да тіркеле алады. Бұрын азамат 8 құжат өткізіп, 2 тәулік күтетін. Ал қазір бұл қызмет түрін жоғарыда аталған орталықта 15-20 минутта ала алады. Азаматтың берген деректері ақпараттық жүйеге енгізіледі. Кейін оның мекен-жайы өзгергені туралы ақпарат жеке куәлігіндегі чипке енгізілген соң, ол ІІМ жүйесіне келіп түседі. Бұл деректер Әділет министрлігінің жеке азаматтар туралы мемлекеттік деректер қорында сақталады. Азамат тіркелген кезде міндетті түрде ХҚКО-ға өзі келуі керек. Сондай-ақ, пәтерді жалға берген пәтер иесінің өзі құжатты рәсімге қатысуы керек немесе азаматтың қолында сенімхат болуы шарт.

 

«Ақшам-ақпарат».