Алматыда өтетін Қысқы Универсиаданың басталуына 26 күн қалды

20161213180334

Алматы универсиадасының басталуына 26 күн қалды. Кешенді сында 12 спорт түрінен жарыстар өтеді. Қазір спорт сарайлары дайын тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Балуан Шолақ атындағы кешенде 28 қаңтар мен 7 ақпан аралығында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы ойындар өтеді. Елу жылдық тарихы бар спорт сарайы 2010 жылы күрделі жөндеуден өтіп, қысқы Азия ойындарын қабылдағаны белгілі. Кіші сырғанау аренасында 3-7 ақпанда шорт-трек шеберлері универсиада медальдарын сарапқа салады.

www.inform.kz