Алматыдан 476 шақырым қашықтықта жер сілкінді

20160902011459

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі 4 қаңтар, таңертеңгі сағат 07.04-те жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 476 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасты. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты 11.1. Магнитудасы — MPV 4.9. Тереңдігі — 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ.

www.inform.kz