Хабарландыру! Құрметті Алматылықтар!

25

         Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Азаматтық бақылау» жобасы аясында Алматы қаласында Қоғамдық қабылдау өз жұмысын жалғастыруда.

Сұрақтарыңыз болса келіңіз: Сізге мемлекеттік қызмет істері, мемлекеттік қызмет көрсетулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет және мемлекеттік қызметкердің әдептілік кодексі салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес берушілік (консультативтік) көмек көрсетіледі.

Қоғамдық қабылдаудың жұмысы күнделікті (сенбі мен жексенбі күндерінен басқа) түрде сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласы Абылай хан даңғылы 74А, 42 кеңседе жүзеге асырылатын болады.

Тел. 8(727) 267 01 27