Жаңа жылдағы Астана келбеті

20161226101359

Биыл Астана әкімдігі Жаңа жылға орай 37 шырша конструкциясын орнатып, халық демалатын орындарды сиқырлы әлемге бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық Мәдениет басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағандай, биылғы Жаңа жылда қала көк түсті сипатқа ие болып отыр.

20161226101351

«Елорданы Жаңа жылға дайындау үшін әр жылда жаңа тұжырымдама әзірленеді. Жыл сайын жаңа түстер қосылып, жаңа конструкциялар ойлап табамыз. Биылғы жылдың түсі — көгілдір түс. Айта кетейік, Астананы жаңа жылға дайындау кезінде өткен жылдан қалған бұйымдарды да пайдаланамыз»,-деп хабарлады Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен.

20161226101149

20161226101245

Астананың жаңажылдық келбеті тұрғындар мен қонақтарды таңғалдырып үлгерді. Мәселен, қаланың бірнеше көшесінде орнатылған архитектурасы мен пішіні ерекше 3D форматты безендірулер, «Сиқырлы күрке», «Мұз бұғысы» сияқты 20 түрлі «сиқырлы» формалар, сондай-ақ «Қазақ елі» монументі, «Отан Қорғаушылар» алаңы, жаңа Оқушылар сарайы мен Сарыарқа аудандық әкімдігі алдындағы алаңдарда бой тепкен фонтан іспетті конструкциялар.

20161226101122

«Сондай-ақ, биыл көше бойындағы ағаштар да жаңаша әшекейленеді. Қаланың сәніне үйлесіп, ағаштардың бойына жарық динамикалық шарлар, жұлдызшалар мен ойыншықтар ілінді. «Астана» концерт залының (бұрынғы Конгресс-холл — агенттік) алды мен Бауыржан Момышұлы даңғылының бойына, «Керуен» сауда орталығының алдына туннель сынды жарық инсталляциялар орнатылды»,-деп хабарлады Мәдениет басқармасынан.

20161226101422

Ал, «Бәйтерек» алаңының алды «Сарай қақпасы» атты жарық иллюминациялық композициямен толығып тұр. Көптеген ғимараттар мен саябақтардың алды «Экспо-2017» көрмесінің тақырыбына сай әшекейленген. «Есіл өзенінің жағасын сәндеуге ерекше көңіл бөлеміз. Жалпы, Астана қаласы бойынша биыл 37 шырша конструкциясы орнатылды»,-деп толықтырды басқарманың баспасөз қызметінен.

20161226101227

20161226101131

Кенжекей Тоқтамұратқызы, www.inform.kz/kz