«БӘРІ БАР, БІРАҚ, ЖАН ЖЫЛУЫ ЖЕТПЕЙДІ…»

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы «Ардагерлер» үйіне барып, қарияларды Қарттар күнімен құттықтап, жағдайларымен танысты. Мереке күніне орай  тұрмыстық техникалар тарту етті

%d0%b8%d0%bc%d0%b0

Ержан қажы Малғажыұлы БАҚ өкілдеріне берген сұхба­тында қарттарды қараусыз тастап кету мәселесіне ерекше тоқталды. Бас мүфти баласы мен ата-анасын тастап кету дәстү­рімізде болмағандығын қадап айтты.

– Қариялар мемлекетіміздің тарапынан ерекше қамқорлыққа алынған. Үйлері жылы, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек­пен қамтамасыз етілген. Барлығы бар. Бірақ, «жан-жылуы жет­пейді» дейді. Елімізде 7 мыңнан астам адам қарттар үйінде өмір сүреді екен. Біздің халқымыздың тарихы мен дәстүрінде әке-шешесін қарттар үйіне апарып тастау деген жаман әдет бол­маған. Қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше болған: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген мақал бар. Біз «Төріңнен қарт кетпе­сін» деп дұға тілеген халықпыз. Қай кезең, қай заманда бол­масын, үлкендерді сыйлаған­дықтан зиян көрген қоғам болмаған. Қарттарға  ілтипат көрсету – ең асыл, ең қымбат қасиет. Қарттарға құрмет көр­сету  – жас ұрпақтың алдындағы парыз, – деді Бас мүфти   Ержан қажы Малғажы­ұлы.

Діни басқарма жыл сайын дәстүрлі түрде қарттар үйіндегі ақсақалдарға қажылыққа жол­дама береді. Бас мүфти биыл да осы дәстүрден жаңылмай қасиетті мекендерді зиярат ету үшін бірнеше адамға жолдама беретінін жеткізді.

 

ҚМДБ БаспасӨз қызметі.