Терроризмге қарсы оқу-жаттығу жүріп жатыр

Алматының терроризммен күрес қалалық штабы хабарлағандай, «Универсиада-2017» нысандарында жоспарлы «Алан-Антитеррор-2016» лаңкестікке қарсы шаралар өтіп жатыр.

Бұл жаттығулардың мақсаты – терроризмге қатысты осал нысандарда террористік қауіп туындаған жағдайда өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтау. «Алан-Антитеррор-2016» оқу шараларын өткізу аясында жеке құрам мен бірнеше арнайы техника жұмылдырылды. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына дүрбелең туғызбауды және түсіністік танытуды өтінеміз», –  делінген хабарламада.

«Ақшам-ақпарат».