«ӨЗ ЖОЛЫҢДЫ ТАҢДА!»

47Рая ЕСКЕНДІР

Алматы технологиялық университетінде дәстүрге айналған «Өз жолыңды таңда!» атты түлектер жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін Алматы Техннология университетінің бірінші проректоры Бауыржан Нұрахметов алды.

– Біздің университет тамақ, қайта өңдеу өндірісі, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп салалары мен сервис және қонақжайлылық индустриясы үшін жоғары білікті мамандар мен ғылыми кадрлар даярлауды табысты жүзеге асы­ратын Орталық Азияның жетекші ғылыми-білім беру орталық­тарының бірі. Қазақстандағы таңдаулы техникалық ЖОО-дың Ұлттық рейтингісінде 4-орынға, сонымен қатар, еліміз бойынша ең таңдаулы 20 жоғары оқу орнының құрамына еніп отыр, – деп атап көрсеткен университет проректоры биылғы жылы оқу ордасынан 22 мамандық бойын­ша 1056 түлектің диплом алып, маман атанғалы отырғанын, сол түлектердің 20 пайызының өте жоғары бағамен аяқтағалы отыр­ғанын мақтанышпен атап көрсетті.

Университетті сонымен қатар, 362 сырттан білім алатын бөлім түлектері де бітірмекші. Сонымен, еліміздегі ең таңдаулы оқу ордасына келген 52 жұмыс беруші кәсіпорын иелері ертеңгі ма­мандардың оң бағытты таңдап, жұмыс табуына мүмкіндік жаса­ды. Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Орынқыз Жебегенова өткізіліп отырған шараның маңызды­лығына тоқталды.

— Бүгінгі жәрмеңкеге көп­теген өндіріс орындары қатысып отыр. Жұмыс іздеген адамға Алматыда жұмыс табуға болады. Әсіресе, дәл қазіргі уақытта қала өмірінде қоғамдық көлік жүргізушілері, трамвай, трол­лейбус жүргізуші­леріне деген сұраныс жоғары. Жалақысы да жоғары, жатақхана да беріледі, – дейді Орынқыз Керімбайқызы.

Өткізіліп отырған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, әсі­ресе, университеттің соңғы курсында оқып жатқан студент­тер үшін тиімді болды. Осы шара барысында жұмыс тауып, түйін­демелерін тапсырып та жатқан студенттер болды.