«АҚШАМНЫҢ» АФИШАСЫ

1234КОНЦЕРТ

Әншінің мерейтойына арналған кеш

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 14 наурызда сағат  17.00-де Қазақ­станның халық әртісі, профессор Рахима Жұба­тырованың мерей­тойына арнал­ған концерт өтеді. Кеште оның шәкірттері, сондай-ақ, театрдың симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.

Анықтама телефоны: +7(727) 272-79-34.

КӨРМЕ

«Жапон мәдениетінің күні»

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 15 наурызда сағат 13.00-ден 17.00-ге дейін «Жапон мәде­ниетінің фестивалі» өтеді. ҚР-дағы Жапония Елшілігінің атсалы­суымен өткізілетін игі шара барысында көрер­мендерге шай дайындау рәсімі, жапон живописі, оригами, исекатагами, қолөнер­шілерінің туындылары, жапон қуыршақтары, кимоно-шоу, жапондардың ұлттық тағам­дарын әзірлеу әдістері, олардың ұлттық ойындары мен билері көрсетіледі. Сондай-ақ, 20 наурызда ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Наурыз мейрамына арналған «Музей шаңырағының астында» атты мерекелік іс-шара өткізіледі. Ізгі шарада театрландырылған қойылымдар, шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, қолөнер кәсібіне арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Анықтама телефондары: +7(727) 264-55-77,

+7(727) 264-46-50.

 

Теңіз түбіндегі тылсым әлем

Алматы қала­сының тұрғындары мен қала қонақтары молл «Апорт»-та орна­ласқан «РИФ ПАРК»-те күнделікті таңғы сағат 10:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін теңіз түбіндегі әлемде тіршілік ететін ба­лық­тардың көрмесін тамашалай алады. Мұнда көрер­мендер Қызыл кітапқа енгізіл­ген балықтардың таңға­жайып түр­лерін өз көзімен көре алады. Балаларға арналған қазақ және орыс тілдерінде қызықты экскур­сиялар өткізіледі.

Анықтама телефондары: 8 (727)3 455-455, 8 (727) 312-11-69.

 

«Монеден Сезаннға дейін: француз импрессионистері» атты мультимедиялық көрме

Наурыз айынан 8 маусымға дейін Dostyk Plaza сауда орталығында орналасқан SPACE multіmedіa галереясында «Монеден Сезаннға дейін: француз импрессионистері» атты көрме өтеді. Көрме өз көрерменін Алматыдағы 21 ғасырдан Еуропа өнерінің өңін өзгерткен Париждегі 19 ғасырдың құшағына ендіреді. Өнерсүйер қауым көрмеде Моне, Писарро, Ренуар, Сезанн және басқа көптеген француз суретшілерінің үлкен форматтағы тамаша туындыларын тамашалай алады. Толық ақпаратты www.mspace.kz сайтынан білуге болады. Алты жасқа дейінгі балаларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға кіру тегін.

Анықтама телефоны: + 7 778-931-38-27.

 

«Балалар сәні – КӨктем 2015»

Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 12 – 14 наурыз аралығында балаларға және жасөспірімдерге арналған киім-кешек пен аяқ киімдер көрмесі өтеді. 4-халықаралық көрмеге Қазақстан, Түркия, Ресей, Украина, Беларуссия, Корея, Қытай, Польша, Англия, Испания мемлекеттерінің балаларға арналған тауар өндірумен айналысатын компаниялары қатысады.  Төрт маусымға арналған киім-кешектер, мектеп формасы, жаңажылдық костюмдер, спорттық үлгідегі киімдер, қолғаптар, қолшатырлар, сөмкелер, шашқа тағатын әшекейлер, сағаттар, жаңа туылған нәрестелерге арналған киімдер баршаның қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.

Орта Азиядағы кӨктемгі сән кӨрмесі

Атакент көрме орта­лығында 16-18 нау­рыз аралығында «Central Asіa Fashіon Sprіng – 2015» 15-халықаралық сән көрмесі өтеді. Төрт мез­гілге арналған киім-кешек үлгілері топтас­тырылған Орта Азиядағы бұл дәстүрлі көрме жылына екі рет ұйымдас­тыры­лады. Халықаралық көрмеде әйелдер, ерлер және балаларға арналған киім-кешектер, спорттық үлгідегі киімдер, той көйлектері, джинсылар, теріден жасалған өнімдер, аяқ киімдер мен сәнді сөмкелер жұртшылық назарына ұсынылады.

 

ЦИРК

Юрий Никулин циркі Алматыда

Қазақ мемлекеттік цир­кінде 14 наурыздан – 12 сәуір аралығында сағат 12.00, 16.00-де Юрий Никулиннің әйгілі мәскеулік циркі оңтүстік астана кө­рер­­мендеріне жаңа бағ­дарламасын ұсынады. Бағ­дарламада үйретілген жан-жануар­лар, сайқы­мазақтар, акробаттар мен аюлар жұртшы­лыққа өз өнер­лерін паш етеді. Мүм­кін­дігі шек­теулі балалар мен ата-анасының қам­қор­лығынан айы­рылған бүлдір­шіндерге арнайы қайырым­­дылық көрсеті­лімдер ұйым­дас­тырылады.

Анықтама телефондары: + 7 (727) 394-49-11, 394-49-03 (цирк кассасы).