2015 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ЕЛЕУЛІ 5 ОҚИҒАСЫ

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Баспасөз бөлімі 2015 жылдың есте қалған ең елеулі 5 оқиғасын назарларыңызға ұсынады.

  1. Астана қаласында тұңғыш рет І респуб­ли­калық имамдар форумы өтті. Форум Ұлт лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзімен ашыл­ды. Тарихи шараға Орталық Азияның ғұламалары, Бас мүфтилері, еліміздің зиялы қауым өкілдері, теолог-ғалымдар, 1 500 имам қатысты.

Айтулы басқосуда форумға қатысушылар «Бүгінгі мұсылманның шынайы бейнесі», «Имам­ның тұлғалық келбеті», «Дін қызметкерінің эти­касы» атты тарихи құжаттарды қабылдап, бекітті.

  1. Діни басқарманың бастамасымен алғаш рет «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» атты тәлімдік құжат қабылданды. Діни басқарманың бағытын айқындаған Тұғырнама еліміздегі мұсылман қауымының бағдаршамына айналды. Құжат 13 тарауды қамтиды.
  2. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Орталық Азия ғұламаларының форумын өткізді. Тәжікстанның, Қырғызстанның Бас мүфтилері, ғұлама ғалымдары қатысқан халықаралық форумда Қарар қабылданып, Үндеу жарияланды. Форумда Діни басқарманың Орталық Азияның қалыптасқан исламдық дәстүрлі ағарту мектебінің рөлін, ықпалын арттыру туралы бастамасын ғұла­малар бірауыздан қолдады. Қазақстан мұсылман­дары Діни басқармасы Исламның Орталық Азия мектебінің ұстанымдарын қайта жаңғыртуда көшбасшы бола алды.
  3. Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» уни­верситетінде Діни басқарманың тарихында тұңғыш рет 2020 жылға дейінгі діни білімді дамыту Тұжырымдамасы қабылданды.
  4. ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің құрамында 17 ғалым жұмыс істейді. Кеңес құрылғаннан бастап пәрменді мекеме (орган), институт болып қалып­тасты. 2015 жылы Кеңес мүшелері шариғи, әлеу­меттік, медицина, отбасы мәселелері бағытындағы өзекті 19 пәтуа қабылдады.

 

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ Баспасөз бөлімінің  меңгерушісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *