200 ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Мамыр айынан бастап баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларға пәтер беріле бастайды. Игі іс-шара көпба­лалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың бақытын еселеуді мақсат еткен қалалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

Бұл – www.baqytty-otbasy.kz сайты арқылы өтініштер мен құжаттарын толық тапсырған отбасыларға қатысты. Жалпы, www.baqytty-otbasy.kz сайтына 1,5 мың адамнан өтініш түскен. Соның ішінде 600-ден астам адамның өтініші банкпен мақұлдану үшін жіберіледі. Алайда, банкке 246 адам ғана құжат тапсырған. Осылайша алдағы уақытта алғашқы 200 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Енді олар тұрғын үй нарығында баспана таңдау­лары керек. Үміткерлердің жартысынан көбі «Ақкент» тұрғын үй кешенінен үй алуға ниет білдіріп отыр. Мұндағы баспананың құны (жөндеуден өткен) 11,2 млн.-нан 24,3 млн.-ға дейін жетеді. Ал «Адиет» тұрғын үй кешеніндегі үйлердің бағасы (жөнделмеген) 8 млн.-нан 25 млн.-ға дейін барады.

Бұдан өзге, Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы  алғашқы жарнаны төлеуге мүмкіндігі жоқ отбасы­ларға қала бюджетінен бір миллион теңге көлемінде сертификаттар беруде.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *