18 оқулық электронды форматта және бейнелекция түрінде жарияланады

Мәншүк БЕКБОСЫН

 

Бұрнағы күні Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қыз­метінің алаңында «100 жаңа оқулық – Рухани жаңғырудың құнарлы қайнары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Ұлттық аударма бюросының жоба жетекшісі Назгүл Қожабек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика ка­федрасының меңгерушісі Гүлнар Садыханова, «Дәуір» полиграфия-баспа кешенінің атқарушы дирек­торы Есет Қожамұратов, Нархоз универ­ситеті Экономика және басқару мектебінің деканы Самажан Өмір­зақов қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарияланғаннан кейін қолға алынып, жүзеге асырылған «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясындағы жобалар бір жылдық қорытындысын шығарды. Соның ішінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы  аясында 18 оқулық қазақ тіліне аудары­лып,  он мың данамен басып шыға­рылды. Сонымен қатар, жарық көрген кітаптар  Қазақстанның ірі жоғары оқу орындары мен кітапхана­ларына да таратылды.

– 12 сәуірде Астанада өткен үлкен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «оқу­лықтар электрон­ды форматта және бейнелекция түрінде жариялансын» деген нақты тапсырмалар берген болатын. Қазір сол бағытта жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада оқулықтардың PDF нұсқасы сайтта жарияланады. Соны­мен қатар, бейнелекциялар түсіріліп жатыр. Ұлттық аударма бюросының kіtap.kz және openU.kz деген екі жобасы бар екені баршаға мәлім. Айтулы қос жоба кітаптарды екі форматта жариялау үшін платформа болмақ. Сонымен қатар, Мемле­кет басшысы тара­пынан терми­нологиялық және түсіндірме сөздіктерді жаңарту жөнінде де тап­сырма берілді. Ол жұмыс та қолға алынып, қазіргі кезде жобасы әзірлене бастады. Ұлттық аударма бюросы аударылған кітаптарды редак­циялау бары­сында термино­логия жағынан да көп шар­уа атқаруда. Осы жұмыс­тардың барлығының нәти­жесін ал­дағы уақытта жария­лай­мыз, – дейді Ұлттық ау­дарма бюросының жоба жетекшісі Назгүл Қожабек.

Төрткүл әлемге талассыз танылған таңдаулы туын­дыларды төл тілімізге тәр­жімалау табандылықты талап етері сөзсіз. Өйткені, Мемле­кет басшысы бұл жобаны таяу жылдарда жүзеге асыруды тапсырды. Ал 2018-2019 оқу жылында студент­тер осы оқулықтармен оқи бастауы тиіс. Бағдарламадан күтілетін басты нәтиже – жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беріледі. Яғни, осы арқылы білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейім­делген мамандар даярлауға мүмкіндік тумақ.

– 10 000 дана тиражбен 18 оқулық біздің баспаханада басылды. Осындай үлкен ауқымдағы жобаға атсалы­сып, абыроймен атқарып шықтық. Кітаптар бізге басуға дайын файл түрінде келді. Сонда да «Ұлттық аударма бюросының» қызметкерлері күні-түні жанымызда жүрді. Процесті түгел қадағалады, ақауларды жоюға көмектесті. Осындай екіжақты әріптестік нәтижесінде қазір Қазақ­стандағы үздік жоғары оқу орындарына жеткізілді, –деді «Дәуір» полиграфия-баспа кешенінің атқарушы дирек­торы Е.Қожамұратов.

Ал Нархоз университеті Экономика және басқару мектебінің деканы С.Өмір­зақовтың айтуынша, бүгінде аталған жоғары оқу орнының ұстаздары Рикки Гриффиннің «Менеджмент» оқулығын оқу процесіне енгізу бойынша типтік оқу жоспарларын әзірлеп жатыр.

– Алдағы оқу жылында сту­денттер осы оқулық бойынша да білім ала бастайды. Гриф­финнің «Менеджмент» оқу­лығы 20 тараудан тұрады. Онда менеджменттің төрт функциясы тұтас қамтылған. Осы оқулық негізінде қазір аударыла бастаған «Стра­тегиялық менеджмент», «Адам ресурстарын басқару», «Ұйымдық мінез-құлық» оқу­лықтарының мәтіндері де әзірленеді. Менеджмент ма­ман­дығы бойынша білім алып жатқан студенттерді осын­дай ауқымда оқулық ма­териалдармен қамту елімізде алғаш жүзеге асырылып жатыр. Соған өте қуаныш­тымыз. Қазір менеджмент кафедрасының ұстаздары осы оқулық бойынша бейнелекция түсіру жұмыстарына арала­сып жатыр. Демек, келер оқу жылында студенттер де осы мамандық бойынша қашықтан білім алатындар да, материал­дармен толық қамтамасыз етіледі деген сөз, –дейді С.Өмірзақов.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің экономика кафед­расының меңгерушісі Г.Сады­ханованың айтуынша, Гре­гори Мэнкьюдің «Экономикс» оқулығы экономика маман­дығы бойынша білім алатын студенттердің де, жалпы осы салада жұмыс істейтін ма­мандардың да негізгі, басты кітабы саналады екен.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *