155 ТОННА АРЗАН ӨНІМ ЖЕТКІЗІЛДІ

100Сенбі күні  «Астана» алаңында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі өтті

Алматыға Жамбыл облысының 10 ауданынан жалпы сомасы 108,3 млн. теңгеге экологиялық жағынан таза 155 тонна өнім жеткізілді. Олардың ішінде ет өнімдері — 36 тонна, жеміс-көкөніс өнімдері — 93 тонна, сүт өнім­дері — 13 тонна, басқа да өнімдер — 13 тонна. Өнімдердің бағасы базар нарқынан 15-20 пайызға төмен болды. Сонымен қатар, жәрмеңкеде Алматы қаласының тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс ат­қаратын 40 кәсіпорынның тауарлары ұсынылды.  

Жәрмеңкеге келген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев сауда қатарларын аралап, тауарлардың сапасы мен баға деңгейін бақылады.

Б.Байбек өңірлік жәрмеңкелерді ұйымдастырудың маңыз­дылығын айтып, қазіргі таңда Алматының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарылып жатқан­дығын жеткізді. Биыл шаһарда осындай кеңейтілген тағы 10 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.

 

Керек дерек

Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру мақсатында соңғы 8 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жәрмеңкеде өнімдердің бағасы базар нарқынан  15 — 20 пайызға төмен болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *