«Медеуде» өткен «WinterFest»

Бүгін «Медеу» тау шаңғысы кешенінде «WinterFest» музыкалық-спорттық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты.
Мақсат – халық арасында бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын насихаттау. Фестивальге 300-ден астам адам, соның ішінде Олимпиада чемпиондары, параспортсмендер, атақты адамдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері жиналды.
Фестиваль аясында Даму стратегиясы талқыланған креативті индустрия Комитетінің отырысы өтті. Жиында бір жылдың ішінде кино, анимация, әдебиет, жаңа медиа, сәулет және дизайн сияқты бағыттарды қолдау бойынша жүзеге асырылатын істер анықталды. Креативті индустрия көшбасшыларымен бірге шығармашылық бастамаларды қолдау бойынша іс-шаралар әзірленетін болады.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *