1,5 МЫҢ АДАМҒА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

2.2Нұрлан СҮЙIН

Кеше Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов Розыбакиев көше­сiндегi кеңейтiлген «MEGA Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығын ашып бердi.

«MEGA» – отандық бизнес жобасы. Заман талабына сай ең үлкен сауда ойын-сауық орта­лығы оншақты жыл бұрын ал­ғашқы рет Алматыда ашылған болатын. За­манауи орталық ха­лық көңiлiнен шығып, Елор­дада, бiрқатар облыс орталықтарында да бой көтердi.

Ел көңiлiнен шыққан «MEGA» орталығы ең үлкен мега­полисте кеңейтiлiп, алматы­лық­тар игiлiгiне берiлiп отыр. Құрылысы аяқ­талып, халыққа есiгi ашыл­ғалы тұрған «MEGA-2» орталы­ғына Алматыға сапары кезiнде Елбасы да атбасын бұрған бола­тын. «…Бұл заман талабына сай дұрыс салынған орталық. Бұл жерде әлемдiк айтулы тауар­лардың барлығы болады. Алматы­лықтарға шет елге барып, киiм тасудың қажетi жоқ…» деген едi Президент.

«Mega Center Management» компа­ниясы салғызған «MEGA-2» орталығы 78 852 шаршы метр аумақты алып жатыр. Кеңейтiлген жалпы «MEGA Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталы­ғының көлемi 164 482 шаршы метрдi құрайды. Кеңей­тiлген «MEGA Alma-Ata» орталығында 1,5 мың алматы­лыққа жұмыс орны ашылып отыр. Алматыдағы «MEGA Alma-Ata» жобасына 32 млрд. инвести­ция құйылған. Жобаны қаржы­ландырған – «Халық банкi».

«MEGA-2» орта­лығын шаһар басшысы Ахметжан Есiмов ашып, қонақтар құт­тықтау сөз сөйледi.

– Бұл жоба – заманауи Алматының қажетiне сай орталық. Жуырда ғана «MEGA» орталығын Елбасы көрiп, оң бағасын берген болатын.

Бiздiң Алматы әлемнiң ал­дыңғы қатарлы қалалары сияқты заман талабына сай дамып отыр. Осыған орай, «MEGA» сияқты заманауи орталықтардың қажет­тiлiгi белгiлi. Өздерiңiз бiлесiздер, Алматы қаласы – Қазақстанның сауда-қаржы орталығы. Елдегi халық тұты­натын әрбiр үшiншi зат Алматыдан шығады. Қазақстан­ның iшкi жалпы тауар айналы­мының 45 пайызы Алматының еншiсiнде. Мен бүгiн Астанада болып келдiм. Алматы қаласының Қазақстаннның тауар айналы­мындағы  орны Елордада да әңгiме болады, – дедi шаһар басшысы.

Мiне, оңтүстiк астананың өркениеттi шаһар болып дамуына Нұрлан Смағұлов бастаған кәсiп­керлер, «MEGA» сауда ойын-сауық орталықтар желiсiн салу арқылы өз үлесiн қосып отыр. Алматы әкiмшiлiгi мұндай бастама­ларға әрдайым қолдау көрсететiн болады.

«Астана групп» холдингiнiң басшысы Нұрлан Смағұлов «MEGA» жобасы жайында айта келiп, Алматы әкiмшiлiгiне, «Ха­лық банкiне» алғысын бiлдiрдi.

Қарашаның алғашқы күнiнен Алматыда елiмiздiң ең үлкен сауда ойын-сауық орталығы кеңейтiлген «MEGA Alma-Ata» өз жұмысын бастап отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *