15 мыңға жуық тұрғын суық сумен үздіксіз қамтамасыз етіледі

Биыл «Алматы су» мекемесі тозығы жеткен 15 шақырым су құбырын ауыстыруды жоспарлап отыр. Жұмыстар жүргізілген уақытта тұтынушылар суық судан ажыратылмайды. Бұл жұмыстардың ерекшелігі сол, жөндеулер көлік аз шоғырланған көпқабатты үйлердің аулаларында жүргізілмек. Осылайша шамамен 39 аула мен 10 көшенің желілері жаңартылады. Сонымен бірге, сорғыларды, ысырмаларды ауыстыру, таза су резервуарларында, ұңғымаларда тиісті жұмыстар жүргізілді. Барлық жұмыстар жаз айларының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Жалпы, мегаполисте құбырлардың 60 пайыздан астамы ауыстыруды қажет етеді. Жыл сайын шашамен 15-20 шақырым құбырлар жөндеуден өтпек. Мәселен, Шәріпова көшесіндегі су құбыры 1986 жылы салынған. Қайта жөндеу жұмыстарынан кейін Алмалы ауданындағы Гоголь — Байтұрсынов – Бөгенбай батыр – Қожамқұлов көшелерінің шаршысында тұратын тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ауыстырылатын құбырлардың ұзындығы — 1,2 шаршы метр.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан шаһарда салынған су құбырлары іске қосылуға дайындалып жатыр. Бүгінде Алатау ауданына қарасты «Шаңырақ -1, 2», «Ұлжан -1», «Томирис», Әуезов ауданында «Таугүл — 3», «Достық», Түрксібте «Жас қанат» ықшамаудандарының тұрғындары төмендегі құжаттарды өткізіп, суық суға қосыла алады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Тексеру актісі («Алматы Су»);
2. Үй құрылысы иесінің жеке куәлігі;
3. Құқық белгілейтін құжаттар:
— Сатып алу туралы келісім-шарт (ауыстыру, сыйлыққа беру, т.б.) (көшірме);
— Жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына анықтама қағазы (ХҚКО «Справка об обременениях»);
4. Бір мекен-жай бойынша тіркелген тұлғалар туралы ХҚКО көші-қон қызметі бөлімінен анықтама (ХҚКО);
5. Аудандық пайдалану учаскесінен алынған акті («Алматы Су»).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *