Мұғалімдер де сынақ тапсырады

Ендігі жерде түлектер ғана емес, мұға­лімдер де сынақ тапсыратын болды. Ағымдағы жылдың 26 мамыры мен 5 маусым аралығында өтетін Ұлттық біліктілік тестін тапсыруға қазірдің өзінде 60 мыңнан астам педагог өтініш беріп үлгерген.

Егер мұғалім өз білімін дәлелдеп шықса, жалақысына 30-дан 50 пайызға дейін үстеме ақы қосылатын болады. Егер айлығы 70, 80 мың болса 30-дан 50 пайызға дейін сол жалақыны алу мүмкіншілігі бар. Сондықтан Ұлттық біліктілік тестілеу мен жаңа жүйе мұғалімдерге жаңа үстеме ақы алуына мүмкіндік беріп отыр.

Мұғалімнің тест тапсырмауына да болады. Ал егер тест тапсыра алмай қалса, онда бұрынғы дәрежесімен, еңбекақы­сымен жұмысын жалғас­тыра береді. Бұл арада басы ашық мәселе – мұғалімге ешқандай айып тағылмайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *