Ұлттық әлеуетіміз қандай?

 

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламасы аясында «Ұлттық әлеует: мәдениет пен идеологияның дамуы» атты ғылыми семинар өтті.

Алматы қаласының гуманитарлық сала мамандары мен ғалымдары бас қосқан жиын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы көркем мәдениеттің рөлін зерделеу мақсатын көздеді.

Жиынды аталған институт директорының орынбасары А.Қалиева кіріспе сөз сөйлеп ашты. Басқосу барысында Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицис­тика бөлімінің бас ғылыми қызметкері Г.Орда «Ұлттық әлеуетті арттырудағы әдебиеттің рөлі», Театр және кино бөлі­мінің меңгерушісі А.Мұқан «Қазақстан театры: ұлтты ұйытатын және рухани байытатын өнер», Музыкатану бөлімінің меңгерушісі А.Қазтуғанова «Жаһандық дәуірдегі қазақ музыка мәдениетінің әлеуеті», 3-курс PhD докторанты Е.Қуатбекұлы «Идеологияға дискурстық талдау» тақырыбында баяндама жасады. Жиында көркем мәдениетті (әдебиет, театр және кино, бейнелеу өнері, музыка) ұлт әлеуетін арттырушы рухани ресурс ретінде қарас­тыру, ұлттың мәдени кодын сақтау, «Рухани жаң­ғыру» идеясы контексінде «елдің зияткерлік әлеуеті», «қоғам­­дық сананы жаңғырту», «жаһандық әлемдегі мәде­ниет» ұғымдарының мән-маңызын ашу, әдеби брендтерді, брендтік өнер туындыларын таныту арқылы көркем мәде­ниетті насихаттау тәрізді бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *