Жетім балаларға киім таратылды

Жетім балаларға киім  таратылды

«Көк-Қайнар» мешітінің ұйымдастыруымен «Зәм-Зәм» мейрамханасындағы Мәуліт кеші  жо­ғары деңгейде өтті. Келген қонақтарға дастархан жайылып, діни әндер орындалып, пайғамбарымызға (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) са­лауаттар айтылды.

«Қарттар» үйінен келген қариялар, Әмина апа бастаған «Перзент» үйінің балалары және «Фер­даус» қоғамының зағип жандары кештің қадірлі қонақтары болды.

Оларға «Көк-Қайнар» мешітінің арнайы әзірлеген сыйлықтары таратылып, жетім балаларға киім және қаржылай көмек көрсетілді.

«Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі.

 

«Райымбек батыр» мешітінде

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген күні аталып өтті. Игі шарада қонақтарға дастархан жайылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар ай­тылды. Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет жамағатты айтулы мерекемен құт­тықтап, Мәуліт айының артықшылығына тоқталып өтті.

«Шарапаты мол Мәуліт мерекесі біздің хал­қымызға да құтты болсын. Осынау айтулы мейрам­ның аясында Алла Елшісін (с.ғ.с.) көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Жаратқан Жаппар Хақ Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқан салауатымызды қабыл етсін!» – деді  өз сөзінде Бас имам.

 

«Фатима» мешітінде

Медеу ау­даны «Фатима» мешітінің ұжы­мы даму инте­лектісі төмен балаларға ар­нал­ған КММ №6 арнайы (түзету) мектеп-интернаты қайырым­дылық көмек көрсетті.

Бас имам Мұсабек Тағанұлы бастаған мешіт ұжымы арнайы мектепте тәрбиеленіп жатқан оқушыларға оқу құралдарымен қатар парталар, компьютер жене басып шығару (принтер) сыйлыққа берді.

ОМ баспасөз қызметі.

 

120 балаға мектеп сөмкесі берілді

Наурызбай ауданына қарасты «Ақжар» мешітін­де Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар айтылып, Құран оқылды. Осы ұлық мерекеге орай «Ақжар» меші­тінің асханасында арнайы ақ дастархан жайылып, Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолынан сыр шертілді.

Жиынға Наурызбай ауданына қарасты мешіт имамдары, мешіт ақсақалдары, ақжаулықты ана­лар қатысты. Ауданның бас имамы Мәди Ах­метов, жамағатты Мәуліт мерекесімен құттық­тап, Мәуліт айының қадір-қасиеті туралы уағыз айтты.

«Ақжар» мешітінің ұжымы «Ақ үміт» балалар үйіне қайырымдылық көмек жасады. Балаларға арналған түрлі ойыншықтар, мектеп құралдары салынған 120 балаға арнайы мектеп сөмкелері таратылды.

«Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» деген Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізгі сүннеті болған қайырым­дылық қасиетін жаңғырту — «Ақжар» мешіті ұжы­мының да басты мақсаты.

 

«Ақжар» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *