1400 өтінімнің 1080-і мақұлданды

1307«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған «Даму-Көмек» бағдарламасының аралық қорытындысын шығарды.

Үстіміздегі жылдың басынан бері қазақстандық бизнесмендер тара­пынан түскен 1400 өтінімнің 1080-нен астамы мақұлданған. Бұл ретте Оң­түстік Қазақстан, Алматы және Қос­танай облыстарының мүмкіндігі шек­теулі кәсіпкерлері көш бастап тұр.

«Даму-Көмек» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі жандарды өз бизнесін ашуға ынталандырады. Оларға «Кәсіпкерліктің жедел курсы» бағдарламасы бойынша қашықтан оқыту, «Бизнес-кеңес­ші» жобасы аясында бизнес құру әрі жүргізуді үйрету курстары жүргізіледі, соған сай жұмыс табуларына мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, «Даму» қоры мүге­дектерге қаржылай көмек көрсетпейді. Ол тек мүгедек кәсіпкерлер мен әлеуетті демеушілер арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарып, қажетті құрал-жабдықтар мен ілеспе материалдарды сатып алуға жәрдем береді.

КЕРЕК КЕҢЕС 

Өтінім беру үшін өз өңіріңіздегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (Қазақстан бойынша call-орталықтың тегін телефон нөмірі – 1408, қордың Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мекен-жайын мына сілтеме арқылы табуға болады: һttp://www.damu.kz/9657) бару қажет. Ол жерде жан-жақты кеңес беріліп, бағдарламаға қатысу үшін құжаттар толтырылады. Тексеруден сәтті өткен өтінім «Даму-Көмек» сайтының демеушілерге арналған һttp://www.damu-komek.kz/needһelp/ бөліміне орналастырылады. Өтінімге демеуші қызығушылық танытқаннан кейін мүгедектігі бар кәсіпкер қордың кеңсесіне демеушілік көмек табыс етілу үшін шақырылады. Егер ол өз бетімен келе алмайтын болса, онда құрал-жабдықтар оның тұрғылықты мекен-жайына жеткізіледі.

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *