133 ПИК жауапкершілікке тартылды

Алматыда Тұрғын үй саясаты басқармасы өз міндетін орындамаған 133 ПИК-ті жауапкершілікке тартты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл кооперативтер қыс басталғалы бері аулаларын қардан тиісті дәрежеде тазаламаған. Қаладағы көгалдандыру және абаттандыру ережесіне сәйкес барлық жүргінші жолдары, аула аумақтары, көлік жолдары қар түскен соң тез арада тазалануы керек.  Егер көктайғақ болса, құм немесе тұз себілуі тиіс. Сонымен қатар, ПИК-тер шатырдағы мұз сүңгілерін де тазалауға міндетті. Мұз сүңгілерін тазалау үшін ақы талап еткен «Жансая» ПИК басшылығы жауапкершілікке тартылды.

2018 жылы 306 ПИК жұмысы тексерілген болатын. Нәтижесінде 151 ескерту жасалып, айыппұл салынды.

Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының хабарлауынша, егер тұрғындар ПИК жұмысына көңілі толмаса, бірігіп ПИК төрағасын жұмыстан шығара алады.

Сонымен қатар, кооператив құрамынан шығып, басқа кооператив таңдай алады. Тұрғын үй басқармасынан толық ақпаратты 224-14-04, 225-14-31, 225-12-04 телефондары арқылы білуге болады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *