13 аула мен үш көшені су басып қалды

Мәншүк БЕКБОСЫН
Алматыда жауын-шашын толастамай тұр. 14 сәуірден басталған жаңбырдың салдарынан 13 аула аумағы мен 3 көшені су басып қалған. Оған қоса Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында апатты жағдайда тұрған ағаш құлап, жолды басып қалған. Қалалық құтқару қызметінің қызметкерлері апаттың салдарын дер кезінде жойды. Жалпы су басудың алдын алу және оны жою үшін 14-15 сәуір аралығында мердігерлік ұйымдар мен аудандық әкімдік қызметкерлері тәуліктік кезекшілік ұйымдастырды. Осылайша түнгі уақыттағы жұмыстарға 164 адам, 99 бірлік арнайы техника және 31 мотопомпа жұмылдырылды.
Ал 15 сәуірден таңғы уақыттан бастап суды бөгетсіз өткізу және ағызуды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру үшін 779 адам, 276 бірлік арнайы техника және 32 бірлік мотопомпа іске қосылды.
Барлығы 880 дана құм салынған қап пайдаланылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *