121 жастағы қазақ әже

Астрахань облысы, Краснояр ауданының Алша елді-мекенінде 121 көктемін қарсы алған Танзиля Насиханұқызы БИСЕМБЕЕВА  есімді қазақ әже тұрады. Ғасырдан да ұзақ жасаған кейуана Ресейдің Рекордтар кітабына енген.  Танзилия әжейдің 3 ұлынан 10 немере, 25 шөбере, екі шөпшек көріп отырған жәйі бар. 

Танзиля Бисембеева  1896 жылы, көпбалалы отбасында дү­ниеге келген. Ғұмырының жарты­сынан көбін қиындықпен өткізген кейуана ұлтқа үлкен зардап әкелген аштық жылдарындағы нәубетті, Ұлы Отан соғысын, патша үкіметінің күйреуіне куә болған жандардың бірі. Танзиля әжей отбасында сегіз баланың үлкені болған. Жастық шағы ата-анасына көмектесумен қатар, бауырларын тәрбиелеумен өткен. Содан да болар, ол тұрмысқа жәй шығып, алғашқы перзентін 53 жасында өмірге әкеліпті.  Арасы­на жыл салмай екінші ұлы,  1957 жылы үшінші ұлы дүние есігін ашқан.  Дәстүр бойынша кейуана бүгінде кенже ұлы Шынтастың қолында тұрады. Бір таңқалар­лығы, Танзиля әже 100-ге келген­ше дәрігерге қаралмаған жан. Халық медицинасын құп көретін ол үш перзентін де үйде босанған көрінеді. Танзиля Насиханқызы жақсылық пен қарапайымды­лықты жанына серік еткен пози­тивті көзқараспен өмір сүреді. Ол үшін «отбасы – ең басты құнды­лық». Ұрпақтарына үнемі: «жақсы өмір сүріп, ұзақ жасағың келсе, бар­лық адаммен тату бол. Кең бол!» деп айтып отырады. Ал балалары:  «Ұзақ жас – пендесіне берген Алланың сыйы болар. Анамыз еңбекқорлығы мен жақын­­дарына деген сүйіспен­шіліктің, балаларына деген  мейі­рімінің арқасында өмірдегі барлық қиындықтарды жеңе білген. Жалқаулыққа жаны қас. Ешқа­шан қол қусырып бос отырмайды. Ұзақ жасауының сыры да осында болар», — дейді.

Танзиля Насиханқызы мін­дет­ті түрде аптасына бір рет моншаға түсіп, күнде кешкісін бір стақан жылы сүт ішуді әдетке айналдырған. Оның ас мәзірі тек табиғи өнімдерден тұрады. Тамақ­ты талғап ішеді. Жасы жүзден асса да қазағының әнін айтып, әуенін тыңдағанды жақсы көреді. Ғасыр-әже бүгінде балаларының ортасында ғұмыр кешіп жатыр. 14 наурыз оның туған күні екен.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *