120 және 120А бағыттағы автобустар жаңартылды

Алматыэлектротранс муниципалды автобус паркі жаңа Zhongtong автобустарымен толықты. Ертеңнен бастап олар қала көшелеріне шығады.
Көптеген өтініштер бойынша 120 және 120А маршруттардың паркі 100% жаңартылды. Енді жоспарлы 30 бірлік бағыт бойынша жүрсе, тағы алты бірлігі резервте болмақ.
Мемлекеттік тіркеуден және «Оңай» жабдығын орнатқаннан кейін автобустар жұмысқа дайын.
Барлық автобустардың сыйымдылығы жоғары, едендері төмен, қаладағы жолаушыларды тасымалдауға арнайы дайындалған. Автобустар қысылған (компримирленген) табиғи газбен (CNG) жұмыс істейді, кондиционер және бейнебақылаумен жабдықталған.
Автобустардың сыйымдылығы — 104 адам, 22 отыратын орын және мүмкіндігі шектеулі жолаушыға арналған 3 орын бар.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *